ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!

18:23, 12 маусым 2019

«Біз денсаулықты таңдаймыз!». Түркістанда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетілді. 20-мамыр мен 20-маусым аралығында республиканың түкпір-түкпірінде өткізіліп отырған акция әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін насихаттауға бағытталған.

Мега ойын-сауық орталығында өткізілген акцияның мақсаты халық пен медицина қызметкерлерінің ақпарат алу саласын арттыруға, өміршеңдікті ұлғайтып,  салауатты өмір салтын ұстауға шақыру. Жергілікті халыққа медициналық қызметті қолжетімді жолын көрсетіп, қолайлы жағдай туғызу.

Шыңғысхан Әбдіқұлов – Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім басшысы

            Бүгінгі іс шарада медицина қызметкерлері тигін қызмет береді.

 Акция барысында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары медициналық кеңес беріп, қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін тексерді. Бойы мен салмағын өлшеп, қан қысымын қарады. Жедел анализдің қорытындысын естіген тұрғындар кеңес алып, медициналық қызметкерлерге алғысын жаудырды.

 Мұхаммед Сабыр – Түркістан қаласының тұрғыны

Күнімен басым ауырғандай болды. Мегадағы дәріханаға келіп едім осында тегін қарап жатыр деп жіберді. Қуаныштымын жағдайым жақсы. Дәрігерлерде күліп, жақсы қызмет көрсетіп жатыр.

Осылайша мамандар акцияда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жиналатын қаражат азаматтардың тегін көмек алуына жұмсалатынын айтты. Қолданысқа қосылған жүйенің басты ерекшелігі де сонда. Халықпен ақпараттық түсіндірме жұмыстарында міндеттелген жүйенің маңыздылығы мен тиімділігі ақпарат негізіне айналды.

Лаура Сапарбекова – Түркістан облыстық медициналық сақтандыру қорының бөлім басшысы

Біздің жұмысымыз 2020 жылы іске қосылатын медициналық сақтандыру қорын насихаттау, тұрғындарға дұрыс түсіндіру.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру – тиімді жоба. Тиімділігі сол халықтың қалаған орталығында тегін қызмет алуында. Бұл Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінде» жүктелген негізгі міндет.

Н. Мұхамеджанұлы             

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...