ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ СТУДЕНТТЕР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ!

13:05, 10 желтоқсан 2019

Шымкентте «Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған сайыс адалдық пен сенімділікті насихаттайды. Шығармашыл жандардың шабытын шыңдайтын сайыс «Парасаттылық алаңы 2019» атауымен ұйымдастырылыпты. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы жазба ақындар қатысты.

Саз колледжінде өткен жас ақындар мүшәйрасын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – жастардың бойына сыбайлас жемқорлықтан аулақ ұстап, отансүйгіштікті, парасаттылықты кеңінен насихаттау. Аталған іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді дарындарымен тәнті етті.

Ерасыл Төлебай – Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» кеңсесінің басшысы

Байқау шарттарына сәйкес алдымен қатысушылар бұрын соңды ешжерде жарияланбаған және өздері шығарған өлеңді оқулары тиіс. Сонымен қатар өлең-жырлардағы сөз қолданысы, тіл тазалығы, сахна мәдениетін ұстануы басты шарттардың бірі болды.Бірінші кезеңнен сүрінбей өтіп, қазылар алқасының көңілінен шыққан Аманғали Керімбеков 7 жасынан өлең жазады екен. Өзі жазған 15 тен аса жыр-шумақтарының ішінен «Шындық» деп аталатын өлеңі арқылы барша жастарды жеморлыққа қарсы күресуге  шақырамын дейді, - ол.

Аманғали Керімбеков – жас ақын

Электронды форматта бастау алған сайысқа 100-ден астам үміткер қатысып, оның 12 сі іріктеуден өткен.Мүшәйра қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

М. Жорабай                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
17:57, 23 қаңтар 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...