ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТУРНИР

12:15, 16 сәуір 2019

Бәйдібек ауданында жастар жылына орай жасөспірімдер арасында бокстан турнир ұйымдастырылды. Онда, 2005-2008 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер, спорт ардагері Жолдыбай Райымқұловты еске алды. Облыс деңгейінде ұйымдастырылған бокс додасына барлық ауданның былғары қолғап шеберлері қатысты.

Облыс деңгейінде ұйымдастырылған бокс турниріне Түркістан облысының барлық аудандарынан, сонымен қатар, Шымкент,Тараз, Алматы қалаларынан жалпы саны 100-ге жуық  боксшы жиналды. 15 салмақ дәрежесі бойынша  бақ сынаған спортшылардың басты мақсаты: облыс үздігін анықтау болды.

 Бағдат Жанғазиев – Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары

  • Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде 2005-2008 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында бокстан турнир өткізіліп жатыр. Турнирде жалпы Жолдыбай Райымқұлов ағамыздың атында өтіп жатыр. Себебі ол кісі осы ауданымызда  ең алғашқы бокс үйірмесін алып келіп, осында бокс спорт дамытуға өзіндік үлесін қосқан азамат.

Турнирде Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Айкен Темір  жуырда ғана Қызылорда қаласында  тоғызқұмалақтан өткен ел чемпионатының жеңімпазы Батырбек Бейбарысты, Кентау қаласыда өткен белбеу күрестен өткен ел чемионатың үздігі Ақжан Нұрғалиқызын, бокстан өткен жарыстың жеңімпазы, Жандос Ерсұлтановты марапаттады.

Нұрбол Смайлов – Бәйдібек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бокс бөлімінің әдіскері

  • Облыстың деңгейде деп бастағанбыз, дегенмен, қазіргі таңда , Алматы қаласына , бір команда, Жамбыл облысынан бір команда және Шымкент қаласынан екі команда келді.

Екі күнге жалғасқан турнир қорытындысы бойынша, жалпы командалық есеп бойынша Бәйдібектік спортшылар үздік атанды. Турнир соңында жеңімпаздарға медальдар мен сыйлықтар  табысталды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
12:41, 17 маусым 2019
ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
12:30, 17 маусым 2019
ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар