ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР БІРІНШІЛІГІ

14:13, 10 қазан 2019

Облысымызда бокстан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік басталды. Сайысқа 2006-2007 жылы туған жас өрендер қатысып, бақ санады. Байрақты бәсеке қазақ боксының жастар арасында да қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.

Рингтің  көркін  қыздыратын  боксты  өңірімізде  жаңаша  бағытта  дамыту  күн  тәртібінен  түскен  емес. Облыс  спортының  басшысы Полат  Қырықбаевтың тапсырмасына  орай,  қазір жер-жердегі дарынды ауыл балалырын спортқа тарту ісі қарқын алған. №5-ші  олимпиада  резервінің мамандандырылған  балалар мен  жасөспірімдер  спорт  мектебі  ұжымы  өткізген  біріншілік  соның  бір  дәлелі.

Сейітжан   Жанысбаев - №5  облыстық спорт  мектебі  директорының  орынбасары

Жарысқа барлық аудан-қалалардан іріктеліп келген 150-ден  астам  жас  боксшылар  қатысты. Шаршы алаңда шеберліктерін  шыңдады. Жекпе-жектің  тактикасы  мен  техникасын  меңгеріп, көпті тәнті еткен Бағдаулет  Тәлет өз  салмағында  жеңімпаз  атанды. Ол Ордабасы  ауданынан  мықтысы. Енді 34  келі  салмақтағы облыстың үздігі атанды.

Бағдәулет Тәлет – жеңімпаз

Бокстан  Сидней  олимпиадасының  күміс  жүлдегері  атанып,  ауыр  салмақта  ел  намысын  қорғаған Мұхтархан  Ділдәбеков  басқаратын  Түркістан  облыстық  №5-ші  олимпиада  резервінің   мамандандырылған  балалар мен  жасөспірімдер  спорт  мектебінің  оқушылары да  бұл сайыста жақсы қырынан танылды.  Жарыстың  бас  төрешісі Ғалымжан  Қошқаровтың   айтуынша, жекпе-жек  өнерін  жастар  арасында  кеңінен  насихаттайтын   бұл   жарыс  қатысушыларды облыс  біріншілігіне  іріктеу  болып  табылады. 

Ә. Әлішер     

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...