ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«БОЛАР ЕЛДІҢ БАЛАСЫ...»

17:57, 12 ақпан 2019

Шымкенттің жастары елімізге танымал ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуовпен кездесті. Туған қала және тұлғалар жобасы аясында шымылдық түрген шарада сыр-сұхбат жанрында өтті. «Болар елдің баласы...» тақырыбында өрбіген жиыннан тілші әңгімесі.

Қыран құстың қасиеті – шыңын бермейді,-дейді қазақ. Дәл қырандай самғап, өз биігінен таймаған ақынның бірі – Біржан Байтуов. Исі қазақтың қара өлеңіне нәр беріп, қарашаның қанын тулата жыр суыртпақтаған ақынға замандастарының берер бағасы жоғары.

Нұрлыбек Мейірманов – ақын

Біржан – қазақтың мақтанышы. Осынау азаматты жастармен кездестіріп, оның өмірін үлгі ету – дұрыс дүие. Осындай шараларды көптеп өткізу арқылы қазақ балаларын дұрыс бағытта тәрбиелейтініміз рас.

Тағылымды кеште қазақтың дара перзенті, талайдың жүрегіне өлеңмен жол салған Біржан Байтуовтың шығармалары дәріптелді. Шәкірттері айтысып, арнауын жолдады.

 

 Жастар жылына орай ұйымдастырылған шарада ақын болуды армандайтын жастардан сұрақ толастамады. Болар елдің балалары бірін-бірі мақтан тұтып, үлгі алатындарын жеткізіп жатты.

Күлия Айдарбекова – «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

Біржаннан да басқа азаматтармен кездесу өткізіп отырамыз. Әр саланың үздіктерін насихаттауды қолға алып отырмыз. Ақындық жанрда өзіндік орны бар азамат деп білеміз.

 Аядай ғана ауылдан шығып, аты алты алашқа мәшһүр болған бала Біржан талай жасқа ағалық қамқорлық көрсетіп келеді. Діни бағытта  білімі терең азаматтың кейінгі толқынға берері мол.

Нұрғал Әнәпия – кешке  қатысушы

Біржан ағамыздан үлгі етіп аларымыз мол. Өйткені мен осы ағамен көп сапарларда бірге болдым. Жақсы танып білдім. Меккеге де бірге барып келдік. Иманды жағынан да өзіндік білімі қалыптасқан азамат.

Тәрбие – өз тарихыңды танудан басталады. Рухани шарада айтылған ойдың негізі осыған саяды. Туған елдің мерейін үстем етіп, қазақтың дара өнері айтыстың насихатталуына үлес қосқан азаматтың өмірі өнеге.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16:55, 19 сәуір 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
16:54, 19 сәуір 2019
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
17:53, 17 сәуір 2019
ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Толығырақ...