ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

БОЛАШАҚ ЧЕМПИОНДАР СЫНАҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУДА

15:12, 14 тамыз 2019

Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатына спорттың 10 түрі бойынша емтихан қабылдау басталды. Атап айтсақ: Бокс, грек-рим, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресі мен таэквондо, каратэ және футбол мен жеңіл атлетика, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша сынақ емтихандарын өткізетін болады.

Биылғы жаңа оқу жылына спорттың 10 түрі бойынша 75 баланы қабылдау жоспарланған. Бокс спорт түрінен басталған сынаққа 60-қа жуық өрендер қатысты. Әр спорттың өзіндік әдістерін жасау арқылы жаттықтырушылар мен спорт мамандарының сынағынан өтетін болады. Мұнда балалар ең алдымен жүгіру, секіру, түрникке тартылу сынды жаттығуларды жасайды және осы спорт түрлері бойынша өзінің шымырлығын көрсетеді. Түркістан облыстық Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының директорының орынбасары Бауыржан Бөріқұловтың айтуынша жыл бойына селекциялық жұмыстарды жасау арқылы жасөспірімдерді шақырып, әрі қарай кәсіби тұрғыда дайындайтынын жеткізді.

БАУЫРЖАН БӨРІҚҰЛОВ - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ  БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сынақ емдихандарын өткізу тамыздың 12-не басталып, 20-шы тамызда аяқталатын болады. Бүгін грек-рим күресінің шеберлері сынақ тапсыруда. Бұл спорт түрі бойынша 13 орынға, 50-ге жуық спортшылар келіп, бақтарын сынауда. Облымызда талай шәкірттерін тәрбиелеуде биік нәтижелерге қол жеткізген жаттықтырушы-ұстаз Сапарәлі Торғауытов жеткіншектердің әрбір іс-қимылын жіті назардан өткізіп, болашағынан мол үміт күттіретін оғландарды қабылдауда.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...