ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

БОЛАШАҚ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

16:34, 14 маусым 2019

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерлерге баруға асығады. Өңірімізде балалардың демалысы қызықты өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Сондай мекеменің бірі Бәйдібек ауданындағы «Болашақ» лагері. Сауықтыру орны өзінің маусымдық жұмысын бастап та кетті.

Бәйдібек ата ауылында мереке. «Болашақ» жазғы лагері өз жұмысын бастады. Оқушылардың демалысы қызықты өту үшін ұйымдастырылатын шара салтанатты түрде ашылды. Сауықтыру орны барлық талапқа сай. Түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Білім көкжиегін кеңейтіп, шығармашылықты шыңдауға мүмкіндік мол.

Абзал Айтбеков – «Болашақ» лагері директорының міндетін атқарушы

-Жаздық сауықтыру лагеріне әр ауысымда 120 оқушыдан қабылданады. Мұндағы балалардың уақыты тиімді өту үшін іс-шаралар ұйымдастырамыз. Балаларға спорттық ойындар, танымдық және интелектуалды ойындарды ойнатып, бір мезгіл тауға шығару да жоспарда бар.

 Балалар демалысының жақсы өтуіне жағдай жасау мұндағы мамандардың басты назарында. Алғашқы төрт ауысымда көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушылар демалады. Екінші кезеңге ата-аналар есебінен демалатын өрендер қатысады.

Абылайхан Қиясхан – демалушы

-Маған осы жаққа жолдама берген ел ағаларына рахметімді айтамын. Мен осы жаққа келгеніме өкінбеймін, керісінше қуанамын. Лагерь маған қатты ұнады. Көптеген достар таптым.

Тауға саяхат, мерекелік бағдарламалар, спорттық ойындар бала дамуына оң әсерін береді. «Болашақ»  лагері кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге естен кетпес әсер мен керемет көңіл-күй сыйлары анық.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                             

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...