ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

12:51, 15 мамыр 2019

«Жас маман – 2019». Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шара аясында 20-дан астам ірі мекеменің басшылары мен екі-жақты әріптестік келісім-шарттарға қол қойылды. Жұмыс беруші мекемелердің 200-ге жуық арнайы өкіліне университет ректорының алғыс хаты табыс етілді.

Жәрмеңкеге өңірдегі ірі кәсіпорындар мен өндіріс ошақтары қатысты. Олар өздеріндегі бос жұмыс орындарын насихаттап, жастарды жұмыс істеуге шақырды.

 Бүгінде бірегей білім ордасы 95 мамандық бойынша бакалавриат, 59 бағытта магистратура және 19 факультетте докторантура шәкірттерін тәрбиелеп жатыр. Биыл оқу ордасын 4 мыңнан астам түлек бітіріп, қияға қанат қаққалы тұр.

 Қанат Байболов – М. Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры

Қазірдің өзінде біраз мекемелер біздің студенттерге ұсыныстарын білдіріп жатыр. Жыл сайын осы шара арқылы біздің студенттердің біразы жұмыс табады.

Жыл сайын университет түлектерінің 30 пайызы жәрмеңке арқылы екі қолға бір күрек табады. Бұл жолы да нәтиже жаман емес. Бір ғана Педагогика және Мәдениет факультетінің 5 түлегін Ж. Шанин атындағы драма театры жұмысқа қабылдады.

Қанат Әжібеков – М. Әуезов атындағы ОҚМУ педагогика және мәдениет факультетінің деканы

Біздің педагогика және мәдениет факультетінің студенттеріне қарашаңырақ Ж. Шанин атындағы драма театр ұжымы аттай қалап жұмысқа шақырып жатыр. Бұл біз үшін үлкен жетістік...

Аталмыш білім ордасын бітірген жас маман жұмыссыз қалмайды деуге негіз бар. Өйткені, қазіргі заман талабына сай маман иелерін даярлайтын университет түлектеріне сұраныс көп. Жыл сайын түлектердің 90 пайызы өңірдегі ірі өндіріс ошақтары мен білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасады. Бұл – жас ұрпақтың бойына білім нәрін сепкен ұжым үшін үлкен жетістік.

Г. Қалмырзақызы                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...