ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

14:12, 4 қыркүйек 2019

Жұмыссыздықпен күресу - ел экономикасының өркендеуіне сеп болады. Осыған орай, Төлеби ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға жұмыс ұсынушы 34 мекеме қатысқан. Қазір ауданда жалпы саны 190 жұмыс орны бос тұр.Жәрмеңке аясында 67 азамат жаңа Якорьжұмыс орнына жолдама алды.

Төлебиліктер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шарапатын көруде. Бірі жұмысқа тұрса, енді бірі кәсібін дөңгелеткен. Бұл туралы аудандық жұмыспен қамту орталығында өткен семинар кеңесте айтылды. Мемлекет қолдауының арқасында жұмыссыздық азайып, халықтың тұрмыстық әлеуеті артуда, - дейді салаға жауаптылар.

Дулат Шәріпов-Төлеби аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

Нәтижесі бойынша 67 адам жұмыспен қамтылады  деп отырмыз. Қазір өтінім беріп жұмыстар жұріп жатыр. Соның 10нан астамы білім саласы бойынша. Еңбек нәтижесі бағдарламалары аясында 14 мамандық оның 7еуін осы жәрмеңкеге келген азаматтарға ұсынып отырмыз.

 Ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі тұрғындардың сұранысына қарай дәстүрлі өтіп тұрады. Мұндай қызметке тек жұмыссыз азаматтар ғана жүгінбейді. Жоғарғы білімі жоқ тұрғындар сұраныстағы түрлі мамандықтар бойынша оқу курсынан өтеді. Ары қарай жұмысқа орналасуға немесе өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады.

Әділет Қамбарбаев- Төлеби аудандық пробация бөлімінің басшысы

Ауданда пробация қызметіндегі жұмыссыз сотталғандарды қатыстырып бос жұмыстар ұсынылып азаматтарға жолдама беріліп жатыр.

Ауданда осы жылы барлығы 14 мамандық бойынша 283 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірнеше есеге ұлғаятын болады.

Ұ.Байниязова                                                                  

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...