ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БҮГІН САҒАТ 12:00-ДЕ БІР МИНУТТЫҚ ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНДЫ

19:42, 13 шілде 2020

Бүгін Түркістан облысында сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту шарасына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, коронавирус инфекциясынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Коронавирус инфекциясы әлем бойынша алапат шығын әкелді. Аталған дерттің салқыны елімізді де айналып өткен жоқ. Соңғы екі-үш айда қаншама отандастарымыз бен жерлестеріміз осы дерттен көз жұмып, қабырғамызды қайыстырып кетті.  Біздің мемлекетіміз үшін әрбір адамның өмірі қымбат. Десек те, аты жаман індеттен қаншама отбасы қара жамылып, ұл-қыздары,  туған-туыстары қайғы-қасіретке душар болды. Осы ретте мезгілсіз дүниеден өткен марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.  Қазақта «Тас түскен жеріне - ауыр» деген сөз бар, ендеше  бекем болыңыздар! Мен Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын», - деді Өмірзақ Естайұлы.Қазіргі таңда облысымызда Covid-19 індетінің алдын алу, сақтану, шектеу  және науқастарды емдеу, сауықтыру  шаралары мықтап қолға алынып отыр. Науқастарды емдеу, сауықтыру  мекемелерінде  төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры  жеткілікті.  Осы ретте өңір басшысы облыс тұрғындарын қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтап, шектеу шараларын мейлінше ұстануға шақырды. 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар