ШҰҒЫЛ! ИНСУЛЬТ «ЖАСАРЫП» БАРАДЫ Толығырақ

БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ

17:03, 14 маусым 2018

Бүгін Шымкентте тарихи маңыздылығы зор оқиға болды. Шымкент қаласының әкімдігі, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және кореялық «Хайгвилл» компаниясының арасында үшжақты меморандум бекітілді.

Оның негізінде «Шымкент сити» жаңа тұрғынүй қалашығына алғашқы кезеңде 160 млрд-қа жуық теңгеге  инвестиция салынады!  Кореялық құрылыс компаниясы қаланың солтүстігінде орналасқан аймақтың 51 гектарына 12 орамнан тұратын тұрғынүй  кешенін салады. 5 500 пәтер «ақылды үй» жүйесімен еңсе тіктемек. Мұнда орта жән шағын кәсіпкерлік нысандары шоғырланады. Сауда орындары мен емхана, демалыс орындары, гүлзар бақтар болады. Әр орамда мектеп, екі балабақшадан қамтылады. 9-12 қабаттық үйлердің құрылысы жақын арада басталады. Жаңа кешеннің рахатын 70 мыңға жуық тұрғын көрмек. Айту керек, «Хайгвилл» компаниясының 30 жылдық тарихы бар.  Қазақстан мен Кореяның құрылыс нарығында үздік сапалы қызметтері үшін көптеген марапаттарға ие болған.

К. ДҮЙСЕНБІ

Тақырып бойынша материалдар

Тамыз айында қазақстандықтар 10 күн демалады
19:42, 20 шілде 2018
Тамыз айында қазақстандықтар 10 күн демалады
Толығырақ...
ПАРТИЯ ЖОБАСЫМЕН ЕРЕКШЕ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:13, 20 шілде 2018
ПАРТИЯ ЖОБАСЫМЕН ЕРЕКШЕ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
«НҰР ОТАННЫҢ» ШЫМКЕНТТЕГІ ФИЛИАЛЫНА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ
18:10, 20 шілде 2018
«НҰР ОТАННЫҢ» ШЫМКЕНТТЕГІ ФИЛИАЛЫНА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПАЙДЫ
16:51, 16 шілде 2018
КӨНЕ ШАҺАРДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАВЗОЛЕЙДІҢ БИІКТІГІНЕН АСПА...
Толығырақ...
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
12:27, 17 шілде 2018
ШӨПТІҢ ҚЫМБАТТЫҒЫ ШАРУА ЖАНЫНА БАТЫП ТҰР
Толығырақ...
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:49, 18 шілде 2018
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...