ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

БҰЛ МЕКТЕП - ДАРЫНДЫЛАР МЕКЕНІ

14:46, 6 желтоқсан 2019

Созақ ауданындағы Әлішер Науайы атын иеленген жалпы орта мектептің тарихы өткен ғасырдың 20- жылдарынан бастау алады. Бүгінде ескі ғимарат жойылып, оның орнына заманауи үлгідегі мектеп салынған. Қазір мұнда мыңға жуық бала оқиды. Бір ерекшелігі- бұл мектепте дарынды балалар өте көп. Олар қашанда мектеп мақтаныштары.

Бүгінде Созақ ауданының  білім саласына қатысты нысандарда     бір бір ескі ғимарат жоқ. Сонымен қатар олардың бірі де жаңа бағытта жұмыс атқарады.  Мәселен,  Әлішер Науаиы атындағы  мектептің  де өз ерекшелігі бар. Өйткені, мұнда өнерлі де, дарынды да  балалар өте көп.   Солардың бірі өнертапқыш оқушы  - Хансұлтан Айтметов.    Оның     тұқым себуге арнап жасаған  құрылғысы  республикалық байқауда үшінші орын алып,     талайды тамсантқан.

Хансұлтан Айтметов оқушы (менің жасаған құрылғым өте қарапайым.. оған қымбат матриалдар қажет емес. Тұрмыста қолданғандары да жарай береді. Сонымен қатар ол қоршаған ортаға зиянын тигізбейді және  тиімді...

Мұнда дарынды балалардың көп деуіміздің тағы бір себебі, жуырда ғана облыстық «Оңтүстік Қазақстан»газетінің «Жақсылар дастан айтайын» атты дәстүрлі жыр байқауында екінші орын алған  Рәбия Шалтай  да осы мектеп оқушысы.  Ол ұстазы Жазира Сәнкібаеваның жетекшілігімен жырдың «Марабай жырау»  нұсқасын толық жаттап, байқаудың екінші жүлдесін иеленген.

Рәбия Шалтай оқушы

мен өткен жылы да»Алпамыс» батыр жыры бойынша қатысып, үшінші орын алғанмын... біздің мектепте  барлық сабақты оқытып- үйрету оның ішінде әдебиет пәнін оқыту да өте жақсы жолға қойылған.. менің осындай нәтижеге жетуім соның арқасы....

Жазира Сәнкібаева ұстаз  (Батырлар жырын жаттау да балалардың бойын ұлттық құндылықтар мен отаншылық сезімді құяры анық. Бұл өте қолдауға тұратын іс. 132 беттен тұратын нұсқаны жаттау оңай емес. Әйтсе де оны зердесі мықты халықтың ұрпағы жаттай алады... )

Сондай –ақ, бұл мектеп аралас білім ұясы болғандықтан  балалар да өнерге тым жақын.  Мұндағы талай балғындар   көптеген  өнер байқауларынан топ жарған:

Мұхтар Атабек


 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...