ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

БҰРЫНҒЫ КЕҢСЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНҒА АЙНАЛДЫ

16:03, 16 қыркүйек 2020

Ордабасы ауданындағы Қарақұм ауылының тұрғындары тағы бір игілікті шаруаны қолға алып отыр. Олар жекеменшікке өтіп кетсе де 20 жылдан бері ауылдағы бос тұрған ғимаратты жөндеуге көшті. Бұрынғы шаруашылық кеңсесі болған еңселі ғимарат ендігі жерде спорттық нысанға айналмақ. Оның жөндеу жұмыстарына кететін шығынды ауыл тұрғындары көтерсе, ал спорттық керек жарақтармен қамтамасыз етуді аудан әкімідігі міндеттеріне алып отыр.

Бұрынғы шаруашылық кеңсесі болған   қос қабатты нысан  кешегі өтпелі  кезеңде  халыққа пай үлесі ретінде беріліп, жекешеленіп кеткен. Алайда, жергілікті тұрғындар оны бос қаңтарып қойғаны болмаса, ешбір қажетке жаратпаған. Сөйтіп, 20 жыл бойы бос тұрған ғимарат   ауыл азаматтарының келелі кеңесінен кейін,  қазынаға қайтарған.  Ендігі жерде қабырғасы  берік, бөлмелері кең ғимарат спорттық нысанға айналмақ.

Әміржан Досаев -  Қарақұм ауыл округінің әкімі (Бұл ғимараттың иелерімен келістік... олар да түсініп, қарсы болған жоқ. Елге қайтарды... міне, ауыл жастары оны ремонттап жатыр.. бұйыртса қазан айында ашылмақ...)

Осы ғимараттың ертерек ел игілігіне брілуі үшін белсене жұмыс жасап жатқан  ауыл азаматтары аз емес. Олардың бірі бөлме еденін сырлап жатса, екінші бірі   әрлеу жұмыстарымен  айналысуда.

Мұхтар Атабек -  тілші

(Мәселен мына бөлме күрес залына айналмақ...егізгі жұмыстар түнде қызатынға ұқсайды..өйткені күндіз жұрттық бәрі жұмыста..)

Мақсат  Жақып -  ауыл тұрғыны ( Ауылдың 70 жылғыларынан бастап, 2001 жылға дейінгі туған жастары бөліп алдық. Бәріміз өз учаскелерімізді тезірек бітіруге күш салып жатырмыз...)

Мұндағы жұмыстарға ауылдың үлкен – кішісі түгелдей атсалысуда. Өйткені, салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға зор мүмкіндік жасайтын нысанды  ертерек  ашсақ дейді олар. Ал оған қажетті құрал жабдықтармен  аудан әкімідігі қамтасамыз етпек.

Сәкен Әлдібаев  - ауыл тұрғыны (Бұйыртса осы спорт залдарында жаттыққан балалар өсе келе ауылдың, елдің атын шығаратын азаматтар болады деген сенімдеміз. Сол үшін жұмыс атқарып жатырмыз...Басшыларға, ауыл жастарына рахмет!)

Ауыз бірлігі жарасқан ауылдың   қашан да берекесі болады. Міне, сондай бірліктің арқасында ендігі жерде  елдің игілігіне  қызмет етеін бұл нысан  алдағы уақытта   нағыз беркелі де, мерекелі мекенге айналмақ.  

М. Атабек                                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...