ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

12:33, 17 шілде 2019

Өткен жылы өз алдына дербес аудан болып құрылған Келесте келелі істер атқарылуда. Соның бірі - «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары. Осы мақсатта қазір аудан аумағында тұрғын үйлер мен мекемелерге куар коды бар тақтайшалар ілу жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде. Оған қолдау да бар. Өйткені, қарапайым тұрғындар оның тиімді екендігіне көз жеткізуде.

Жалпы,  цифрлық бағдарламаға көшу – уақыт талабы. Өйткені, осы бағдарлама аясында құжат рәсімдеу, коммуналды қызмет,   салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге  мүмкіндік мол. Заманауи технологияның тағы бір жетістігі -  куар код, яғни, әрбір нысанды, әрбір ғимаратты куар код арқылы таңбалау.  Келестік мамандар бұл технологияға да  иек артып, қазір бұл  жұмыстар аудан аумағында қарқынды қолға алынуда.

Аман Төлебеков – Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары

Қазір аудан орталығы мен қатар барлық елдімекендерде  жұмыс жүріп жатыр... Негізгі мақсат- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру.. тақтайшадағы осы код арқылы санаулы ғана уақыт ішінде  барлық мәліметтерді білуге болады.

Аталмыш бағдарламада көше атауларын реттеумен қатар белгіленген стандартқа сәйкес әзірленген куар коды бар арнайы тақтайшаларды орнату да нақты  айтылған. Осы негізде жұмыс атқарып жатқан мамандар  бүгінге дейін мұндай тақтайшамен аудан орталығын 80 процентін қамтыған. Оның тиімділігі қазірдің өзінде нәтижесін беруде.

Ержан Әшімов -  бас маман

Бұл тақтайшалар барлық стандартқа сай жасалған... сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша да талаптар орындалған... яғни,  көшенің атауы латын әрпімен қоса берілген...

Цифрлық технологияның қай салада да болсын    берері көп. Өйткені, мұның бәрі халықтың  заман көшінен қалмай, бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екені даусыз. Ол үшін оған қай – қайсымыз болсақ жаңалыққа бейімделіп, қолдану аясын кеңейте бергеніміз жөн. 

М. Атабек                                              

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...