ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

«CІРГЕЛІ ЖАБАЙ БАТЫР» ҒЫЛЫМИ –ТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

11:56, 12 наурыз 2019

Әр қазақтың арғы тегін сұрасаң, бір батыр шағады. Бірақ, қазақ тарихында батырлығымен, айтқаны айдай келетін әулиелігімен дараланған Сіргелі Жабай батырдың жөні бөлек. Бұл апта өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Алматыда Жабай батырдың өмірінен сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді.

 Жабай батырдың есім-сойы  жыр-дастандар мен көркем шығармаларда  жиі кездеседі. Жабай  батыр   Абылай ханның  оң  тізесінен  орын алған,  таңдаулы батырларының  бірі болған. Тіпті, Абылайдың  ақ туы Жабайға берілгені жөнінде де аңыз бар. Ал, аңыз ақиқаттан шығады.   

Мәмбет Қойгелдиев – ғалым, тарих ғылымдарының докторы 

-Тарихи жады әлсіреген халықтың болашағы жоқ. Тарихи жадын ойлаған, тарихи жадын жақсартудыойлаған халықтың болшағы бар. Қазір тарихты қайтесіңдер, кейін қарай бермеңдер деген сөз айтылады. Ол қате, ол көрегендік емес. Кімнің  тарихи жады мықты, кімнің азаматтық санасы биік сол халық қазіргі күресте төтеп бере алады. Сондықтан мықты нәрсе осындай кітаптың шығуы Жабай батыр жөнінде. 

1780 жылы Ташкент қаласына  Төле бидің баласы Қожамжар билік жүргізген.   Ал, Сіргелі Жабай  шаһар  әскерінің бас қолбасшысы болған.  // Бұл кітап //  аты аңызға айналған Сіргелі Жабай батырдың өмір тарихы мен шежіресінен сыр шертеді.  Мазмұны терең тарихи деректер, аңыз әңгімелер мен жырлар, байыпты болжамдар мен шежірелік мәліметтер салыстырыла отырып, шұрайлы тілмен өрілген. 

 Нұрдәулет Ақыш – филология ғылымының докторы, жазушы

-Ташкент қаласы қазақтың қаласы болған ғой қоқандар басып алғанға дейін. Шамалы уақыт оны қалмақтар билеген. Сол қалмақтар билеп тұрған кезде Төлебидің баласы Қожамжар мен Жабай және т.б. батырлар бірігіп қаланы азат етуге қатысқан. Осының өзі айтыла салғанмен аса ірі уақиғалар.

 «Ақ тулы Сіргелі Жабай Батыр» атты кітап  4 мың данамен жарыққа  шықты. Оқулық  Алматы қаласында,  «Жамбыл »  баспасында басылды.    Ғылыми танымдық зерттеулер жинағының авторы  қоғамдық ғылымдар академияларының академигі, профессор, жазушы  -Нағашыбек Қапалбекұлы.

 Нағашыбек Қапалбекұлы – Қоғамдық ғылымдар академияларының академигі, профессор, жазушы,  «Бәйдібек баба»  республикалық қорының президенті

-«Сіргелі Жабай батыр»  атындағы ғылыми –зерттеу орталығы құрылды. Оған басшы болып осы Жабай батырдың тікелей ұрпағы, белгілі кәсіпкер арғы –бергіні кеңінен білетін  Талғат Айтбаев мырза жетекшілік етіп отыр. Жабай батырға байланысты барлық жерлерге экспедия жасалды.  Әсіресе,  тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай мырзаға арнайы өтініш айттық. Ол кісі Өзбекстанда арнайы болып, Жабай жөнінде және ол кісінің ұрпақтары жөнінже кеңінен мәліметтер жинады.  

 Айта кетейік, Сіргелі  Жабай батыр жөнінде  зерттеу жұмыстары  алдағы уақытта да өз жалғасын табады.   Сәуір айының  19 –ы күні    М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де    конференция  өтеді. Ал,    20-сы күні  Жабай батырдың  рухына арналып,   Бабаның кіндік қаны тамған  Сарыағаш ауданы,  Әлімтау елді мекенінде   ас  беріледі.

Н. Әлімбеав       

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...