ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ДАМУ ҚОРЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ДЕМ БЕРУДЕ

13:44, 16 қазан 2020

Шымкентте 9 айдың ішінде 123 жоба қолдау көрсетілген. Бас аяғы 29,54 миллиард теңге көлемінде субсидиялаған «Даму қоры» осылайша кәсіпкерлерге дем беруде. Нарықтағы қазіргі қиын жағдайға қарамастан жобалардың ішінара кепілдемесінің де өсуі байқалады дейді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық директоры Алмас Тастанбеков. Қор арқылы қолдау тапқан кәсіпкерлік нысандары алдағы бейнематериалда.

Өткен жылға қарағанда биыл біраз өзгерісті байқауға болады. 9 айдың ішінде 123 жобаға қолдау көрсеткен Даму қоры осы аралықта 330 жобаға мониторинг жүргізіп, екінші деңгейлі банктердегі 257 бастаманың басы-қасынан табыла білді. Сондай-ақ, 449 адамға кеңес берген қор өкілдері бүгінде 10 жобаның қаралып жатқанын жеткізді.
Алмас Тастанов -  Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық директоры
Қор арқылы қолдау тапқан «ЭКО-ФАРМ» ЖШС «Қарапайым заттардың экономика» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктен 500 мил теңге несие алған. Құрал-жабдық сатып алу үшін сұралған бұл қаржының 9 пайызын мемлекет субсидиялайды. Ал, несиенің жылдық пайызы небәрі 15 пайызды құрап отыр.
Гуля Жүзенова - «ЭКО-ФАРМ» ЖШС директоры
Осыдан 4 жыл бұрын ашылған «Nurtau distribution companyсы» қаржылық қиындықтардың кесірінен алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алмағандарын айтады. Тек мемлекеттің қолдауымен ғана қимылға қосылған кәсіпорын бүгінде шоколадты печенье мен сағыз шығарып отыр. Тәулігіне 400 кг дейін тәтті печенье, 500 кг дейін сағыздың 12 түрін шығаруда. Әлі де алдағы жобалардың Даму арқылы жүзеге асатынына сеніммен қарап отыр зауыт өкілдері.
Айман Намазова – технолог
Даму қоры арқылы қолдау тапқан қаламыздағы шыны құрастырғыш зауыты бүгінде екінші бөлігін іске қосып отыр. Айналым қаражатын толтыру үшін АТФ банкі жобаны 14,25 пайызбен мақұлдапты. Ал, оның 7,13 пайызын Даму қоры субсидиялаған. Сондай-ақ, қор кепілдік жетіспейтін бөлігіне кепілдікте беріпті. Қабырғаларды безендіруге арналған бұл материалдарға соңғы кезде сұраныс артқан. Тіпті, біздегі сапа мен бағаға көрші елдер қызығып отыр дейді кәсіпорын басшысы.
Олег Хатамов – «Гидрострой Шымкент Групп» ЖШС директоры
Мемлекет қолдау білдіріп отырғанда, қол қусырып отырғанымыз жарамас дейді біз кездескен кәсіпкерлер. Қайта бұл бізге берілген зор мүмкіндік деп қуанып отыр. Қолдан келсе кез-келген азамат қарапайым ғана кәсіптен бастаса деген ойларын да айтып қалды. Өйткені, төтенше жағдай жарияланған кезінде ұсақ-түйек заттардың өзін көрші мемлекеттерден іздеп сабылдық дейді.
Г. Асқарқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...