ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ДАРЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ ТІРЕГІ

17:14, 20 қыркүйек 2019

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халықтар ассамблеясы мен өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі бірігіп, халықаралық жастар форумын өткізді. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шара «Дарынды жас – ел тірегі» тақырыбында айдар тақты. Мақсаты қазақ-өзбек халықтарының бірлігін көрсету, жастарды жан-жақтылыққа баулу.

                    

Жиынға шақырту алғандар Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің жастары мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенділер. Форумда арнайы шақыртылған қонақтар алғы сөз алып, жиылған жастарды белсенділікке, жан-жақтылыққа шақырды. Қазіргі уақыттың талабы білімде екендігін ұғындыруға тырысты. Ал, негізгі мақсаты көп ұлтты қазақстанның бірлігі мен татулығын жас ұрпаққа ұғындыру. Оларды бір арнаға жинап, пікір алмасуына жағдай жасау. 

Шерзод  Полатов - Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары

Форумда өз ісінде жетістікке жеткен, биіктің белесінен көрінген түрлі саланың  жас мамандары да сөз алды. Олар ғылым мен медицина, спорт пен мәдениет, кәсіпкерліктің тізгінін тартқандар. Солардың бірі ОҚМПУ-ң 1-курс студенті - Нұрлан. Ақындық қасиет бақ боп қонған, өнерге қызығушылығы биіктерге жетелеген белсенді, жастарды білім көкжиегінен кенде қалмауға шақырды.

Нұрлан Нұргерім - ОҚМПУ 1-курс студенті

Шара ұйымдастырушылары форумның алдағы уақытта да жалғасын табатынын   жеткізді.  Жастардың ықылысы мен ынтасы жақсылыққа ауып, қимай тарқасты.

 

         Н. Мұхамеджанұлы                                                                                                                                                                               

                                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар