ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ДАУДЫҢ БАСЫ –ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

17:58, 16 шілде 2019

Бүгінде даудың басы-жалған ақпарат болып тұр. Әлеуметтік желілер және мессенджерлерде жалған ақпарат яғни fake news тез таралады. Тексерілмеген ақпаратқа ұрынатын көбіне желі қолданушылары мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл кейінгі кезде мамандарды да алаңдатып отырған мәселе.

Тексерілмеген ақпаратты жариялап, соңынан басы үлкен дауда қалып жатқан  басылымдар  бар. Журналистер мен блогерлер арасында да бұл жайт жиі кездеседі. Не істеу керек? Алматыдан арнайы келген медиа-тренерлер шымкенттік тілшілермен бірге осы сұраққа жауап іздеп көрді. Ең көп жіберілетін қателерді тізбектеді, журналистика стандарттарының сақталмау себебіне үңілді. Әрине, журналист этикасы бұл жиынның басты тақырыбы болды.

 Жұлдыз Әбділда – журналист

Біз көбіне жіберетін қате – ол ақпараттың таяз берілуі мен журналистің этика сақтамауы. Неге?Өйткені, біз уақытқа тәуелдіміз...

 Семинар-тренинг осыған дейін бірнеше қалада өткен. Оған АҚШ елшілігі қолдау көрсетіп отыр. Ондағы мақсат отандық журналистиканың деңгейін көтеріп, сауатты, сұраныстағы журналистердің қатарын көбейту.

 Ербол Серікбай – «baribar.kz» интернет ресурсының негізін қалаушы                      

 Біздің мақсатымыз редакторлардың сауаттылығын арттыру.

Жергілікті БАҚ өкілдері тек журналист этикасымен ғана шектелген жоқ. PR маманы, Қазақстандағы бірқатар ірі компаниялардың пиаршысы Дінмұхамед Зиядин жергілікті әріптестеріне ақпаратты қызықты жеткізудің жолын үйретті.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...