ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

ДӘРІ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ ?

15:49, 26 маусым 2020

Дерттің күн санап дендеуіне байланысты дәріханада дәрі тапшылығы белең алды. Бұл жағдайға соңғы аптада өршіген ОРВИ, пневмония сырқаты да соққы болғандай. Дегенмен, жауаптылар бұл ақпаратты жоққа шығаруда. Дәріханадағы жағдай мен мамандар мәліметін тілші толықтырып айтады.

Қала аумағында 740 дәріхана бар. Олардың 60 пайызының аумағы көлемді. Мамандар дәрі тапшылығын тұрғындардың даурығуымен байланыстырады. Халық қажет болмаса да препараттарды артығымен сатып алуда. Сол себепті өнімге жетіспеушілік туындап отыр.

қала тұрғыны

Сенбі, жексенбі демаламыз деп масканың үшеуін алдым. Сонда біреу пачкалап алып жатыр. Шырағым, бұны не қыласың десем, керек болады, артылса сатам дейді. Дәрі тапшылығының себебі де осында. Бағасы әр жерде әртүрлі. Бағасын қуып жете алмаймын ғой.

қала тұрғыны

Парацетамол жоқ дейді. Бірақ іздеген дәрілерімнің біразын алдым.

Дәрі тапшылығы бағаның өсіп кетуіне әсер етпейді. Себебі, тауар құны әрдайым бақылауда.  Жауапты сала өкілдері тұрғындар жиі тұтынатын 77 препаратқа арнайы баға бекітіп берген. Егер, дәрі құны шарықтаса, кәсіпкер де жауапсыз қалмайды.

Ләззат Қашқынбаева - Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Қазір Шымкентте вирусты пневмония жұқтырғандардың саны күн санап артып келеді. Осыған орай жедел- жәрдем қызметіне қосымша 100 бригада қосылды. Алайда ақ халаттылар болса  санитарлық талаптарды сақтамай, жағдайдың жақсармайтынын ескертуде.

Д.Өмірзақова                           

Тақырып бойынша материалдар

БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...