ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

12:49, 11 ақпан 2019

Облысымызда жас мамандарға қолдау көрсету ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Шалғай ауылдарда маман жетіспеушілігін шешу мақсатында жоғары оқу орнын бітіріп шыққан 28 жас дәрігерге баспана берілді. Олардың дені хирург, терапевт, балалар дәрігері және акушер, гинеколог мамандығын игеріп шыққан жастар. Тұрмысы жайланған жас дәрігерлер енді ұлт сауылығы үшін алаңсыз еңбек етуге кірісті.

Жанат ауруханада онколог дәрігер болып жұмыс істейді. Алматы қаласында жоғары оқу орнын бітірген жас бірден өзі туып өскен шалғайдағы Шардараға келіп жайғасты. Алғашында хирург болған ол, қазір  бөлім меңгерушісі. Жас отбасы жуырда жергілікті биліктің көмегімен баспаналы болды.   

Жанат Бақытова - Онколог дәрігер

Өзімнің туған жеріме қызмет етуді таңдадым. Себебі мұнда да халық бар. Негізі өз басым ауданда тәжірибе жинап алуға болады. Біз секілді оқ орнын енді бітірген жас мамандар ауылда жұмыс істеуі керек.

Былтыр ғана отбасы құрған Ерлан мен Құндыз да еңбек жолын ауылдан бастағанды жөн көрген. Отағасы отбасылық дәрігер, ал келіншегі акушер-гинеколог. Ауруханаға тап осы мамандар жетіспейтін болғандықтан бірден жұмысқа орналасты. Аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйден екі бөлмелі пәтер алып, жыл басында қоныс тойын өткізген-ді. Осыдан екі апта бұрын тұңғыштары дүниеге келіп, қуанышы еселенді. 

Ерлан Әлібеков - отбасылық дәрігер

Осында келіп, 20 күн болды. Кішкентайлы болдық. Үйде тұрып жатырмыз. Кішкентайымыз өсіп,  өніп жатырмыз. Кәдімгідей қаладағыдай жағдай жасалған. Ыстық суы жылуы бәрі бар. Жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар.

Жалпы Шардарадағы орталық ауруханаға былтырға дейін 48 маман жетіспейтін. Осындай әлеуметтік қолдаудың арқасында қазір бар болғаны 6 дәрігердің ғана орны бос тұр. Орталықтағы 14 жас маманға қызметтік пәтер, ауылда жұмыс істейтін 9 дәрігерге 0 пайыздық несиемен үй-жай берілді. Мамандар қатары толыққан соң бүгінде сырқат  азайып, емдеу ісі жақсара түсті.

ЖАНАР ОСПАНОВА  - Шардара аудандық орталық  ауруханасының бас дәрігері

Түтікшелі сүйектер сынған кезде екеуін жалғастыратын қондырғы алынып, соны өз ауруханамызда жасауға мүмкіндік туды. Компьютерлі томограф аппаратын алғалы отырмыз. Ол кезде бас миы, ішкі ағзалар, геморагиялық инсульттан болатын өлім-жітім азаяды.

 Былтыр сондай-ақ орталықтан алыс, барыс-келісі қиын 13 ауылға медициналық тірек салынды. Осылайша аудандағы барлық елді мекендерде медициналық қызмет көрсету орындары пайда болды. Енді  дәрігерлердің біліктілігін арттыру, олардың тәжірибесын молайтуға айырықша көңіл бөлініп отыр.

Нұрсұлтан МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ         

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...