ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАҢА ӘДІСТІ ПАТЕНТТЕДІ

18:44, 22 қазан 2020

Түркістан облыстық №3-ші перзентхананың дәрігерлері жүкті әйелдердің босану немесе одан кейінгі кезеңде қан кетуін уақытша тоқтатуда отаның жаңа әдісін ойлап тапты. Емдеудің бірегей әдісін енгізген үздіктер ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтының патентін алды. Отаны бір жарым жыл бойы зерттеп, топқа басшылық еткен аталмыш перинаталды орталықтың бас дәрігері, онко-гинеколог Нұржан Махмудов.

Түркістан облыстық №3-ші перинаталды орталықтың білікті дәрігерлер құрамы бұл әдіс бойынша осымен 10 рет ота жасаған. Барлығы да сәтті өткен. Мұндай емдік тәсілі дүниежүзі бойынша алғаш рет  қолданысқа енгізілуде.

Ардақ Аязбеков- №3 перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары

Жаңадан ойлап тапқан әдісіміз бойынша система арқылы жатырдағы қан тамырларын байлап қан кетуді уақытша тоқтатамыз. Бұл әрі қарайғы емдік шараны жоспарлауға, жедел көмек келгенше немесе шалғай аудандарға білікті хирург-дәрігер жеткенге дейін қанды жоғалтпауға мүмкіндік береді

36 жастағы Саламат Шахароваға күні кеше дәл осы ота түрі жасалды. Жүкті әйелде қан кетуі орын алған. Қазір ана мен бала дін аман. 3 жарым келі қыз бала дүниеге келді.

Саламат Шахарова- жас босанған ана

Дәрігерлерге мың алғыс. Ақ халатты жандардың көмегімен аман-есен босандым. Бір ұл және төрт қыздың анасы болдым. Қазір жағдайым жақсы. Бұйырса жақын күндері отбасымызбен қауышамыз

Көп мөлшерде қан жоғалту ана мен бала өміріне де аса қауіпті жағдай.Сондықтан тың тәсіл дәрігерлер үшін жақсы тәжірибе. Алдағы уақытта аймақта әріптестеріне бұл әдісті түсіндіру мақсатында  семинарлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жатырға эндоскопиялық ота жасаудың да жаңа тәсілін зерттеп, халықаралық патентке ұсынуды жоспарлауда.

Н.Кенжехан                                 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар