ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

11:42, 10 қыркүйек 2019

Шымкенттік дәрігерлер мемлекет басшысының стратегиялық құнды құжатына үн қосты. Миллиондар мегаполисінің ақ халаттылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылап, ортақ пікірлерін ортаға салды. Қалалық жедел-медициналық көмек көрсету станциясында өткен жиынға жергілікті билік пен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиал өкілдері бастаған ақпараттық-насихаттау тобы қатысты.

Жер сатылмайды. Митингіге рұқсат. Зорлық жазасы күшейеді. Президент Жолдауында айтылған нақты тұжырымдар ел-жұрттың көкейінен шығып отыр.  Алқалы жиында алғаш сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов Мемлекет басшысының Жолдауына, Үндеуге қатысты баяндама жасап, маңызды құжатта айтылған негізгі мәселелерге қатысты пікірін білдірді.

 Шалатай Мырзахметов – мемлекет және қоғам қайраткері

Жер сатылмайды. Бұл өте орынды пікір. Ертеректе ата-бабаларымыз асытндағы атын, бар байлығын берсе де, бір қарыс жер үшін жауға аттанған...

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов жастарды Жолдауды қолдай отырып, елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауға шақырды. Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін тиімді жұмсау жайын тілге тиек етті. Алайда, әлеуметтің әлсіз тобына көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек халықты масылдыққа нұсқар жол болмауы керек. Жиында Бахадыр Нарымбетов шымбайға батар біраз шындықтың бетін ашып айтты.

Бахадыр Нарымбетов - «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Әлеуметтік көмек ала алмай қалдым деп, жұмыстан шығып кетіп жатқан әкелерді көрдік. Табысын жасырып, мемлекеттің ақшасынан дәметіп отырғандар қаншама...

 Гүлнәр Құрманбекова – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

 Мәжілісте  білім сапасын арттыра отырып, мұғалімдердің жалақысын келер жылдан бастап 25 пайызға көтеру, жердің шетелдіктерге сатылмайтыны, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезі жеткені туралы кеңінен сөз болды. Шара соңында жиынға қатысушыларға Жолдауды әр мекеме қызметкерлері арасында талқылап, ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру міндеттелді.

Г. Қалмырзақызы                                              

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...