ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ

16:01, 14 шілде 2020

Төлебилік кәсіпкерлер медицина қызметкерлеріне көмек қолын созды. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты күн-түн демей науқастарға қолдан келген ем-домын жасап жүрген ақ халаттыларға демеушілер азық-түлік сатып алып берді. Жергілікті әкімдік тарапынан көтерілген игі бастамаға аудандағы барша қалталы азаматтар үн қосыпты.

Демеушілер есебінен алынған себетті аудан әкімінің орынбасары тапсырды. Қап-қап картошка мен  пісте май, ұн өнімдері мен қажетті азық-түлік  дәрігерлердің үйіне дейін жеткізіліп берілді. Бұл шараға еріктілер де қатысып қолдан келген көмегін жасады. Леңгірдегі аудандық аурухана қызметкерлері де өз кезегінде қиын қыстау уақытта қолдау білдірген жандарға алғысын айтты. Билік өкілдері мен кәсіпкерлер қажет болса алдағы уақытта да осындай қайрымдылық шараларын  өткізуге дайын екендіктерін жеткізді.

 Сержан Дүйсебаев- Төлеби аудан әкімінің орынбасары

Ұ.Байниязова                                       С

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар