ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ДӘРІХАНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕК КҮТКЕНДЕР САНЫ АЗАЙҒАН

16:56, 16 шілде 2020

Карантин кезінде дәрі-дәрмектің шектік бағадан аспауы қатаң бақылауда. Осы орайда мониторингтік топтар күндіз – түні тексеріс жүргізуде. Әл-Фараби ауданы бойынша дәрі бағасын қолдан қымбаттатқан пысықайлардың жолын кесу үшін арнайы фармацепт маман бақылау жүргізетін болды. Ауданда бас-аяғы 118 дәріхана бар.

Ауру ушыққан сәтте дәрі-дәрмек тапшылығы туындап, ауадай қажет болған препараттар бағасының шарықтап шыға келгені жасырын емес. Дер кезінде қабылданған шаралар шектік бағада шаруасы жоқ кәсіпкерлердің қатарын сирете бастады. Күнделікті мониторингтік топтың тексеріс нәтижесі дәрі-дәрмектің белгіленген бағадан аспауын қадағалауда.

Шыңғыс Мұқашев – Әл – Фараби ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы

Бастапқыда байқалған кемшіліктер, бүгінде біршама ретке келе бастаған. Дәріхана алдындағы ұзын-сонар кезек те байқалмайды. Ал, ауадай қажет болған препараттар күнделікті дәріханаларға жеткізіліп отыр дейді дәріханалар желісінің меңгерушісі.

Раушан Сыздық – дәріхана меңгерушісі

Дәрігер жазып берген дәріні таппай даурығудың қажеті жоқ дейді фармацепт мамандар. Олардың орнын алмастыратын препараттар дәріханада жеткілікті. Ал, антибиотиктерді дәрігердің рұқсатымен ғана қабылдаған жөн. Өйткені, артық доза ағзаның өзге бөлігін бүлдіруі мүмкін. Сондықтан да, дәріханадан рецеп арқылы босатылуда.

Г. Асқарқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...