ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

16:44, 9 шілде 2020

Түркістан облысында өткен аптада коронавирус дертін жұқтырған 360 науқас анықталды. Вирус жұқтырғандар облысымыздың барлық аймақтарында бар. Сонымен қатар өкпе қабынуымен ауырғандар саны да артып отыр. Оларды емдеу қалай жүріп жатыр. Дәріханаларда дәрі-дәрмек жеткілікті ме? Нұрмахан Кенжехан тарқатып айтады.

Биыл Түркістан облысында өкпе қабынуымен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Негізінен бұл дертпен науқастанғандар саны жылдың салқын мезгілінде болатын. Биыл бәрі керісінше. Түркістандықтарды емдеу үшін қаладағы үш ауруханада 430 орындық провизорлық төсек орын дайындалған. Ал жеңіл түрімен ауырғандар қалалық емханада ем алып жатыр.

Райымбек Тасырбаев-Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері

Емханадағы стационарлық төсек орындарда ем қабылдау тұрғындар үшін тиімді. Күндіз ем қабылдап, түнде отбасына оралады. Ал, ауырғандар санының күрт өсуі ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктерге сұранысты арттырды. Нәтижесінде дәріханаларда дәрі тапшылығы туындады. Осыған байланысты арнайы құрылған мониторингтік топ қаладағы дәріханалардағы бағаны бақылауға алу үшін күнделікті рейд ұйымдастыруда. арнайы топ барған дәріханалардың ешбірінде парацетамол табылмады. Сатылымда ыстық түсіретін дәрілер мен антибиотиктер де аз мөлшерде. Кейбір кәсіпкерлік нысандарында кассалық құрылғы болмады. Кейбірі бағаны шарықтатып жіберген.

Дәулет Тағыбаев- Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары    

Біз 6 дәріхананы аралап шықтық. Олардың төртеуінде бағаның қымбаттатқанын анықтадық. Бұған енді заң жүзінде шара қолданамыз. Дәрілерге келер болсақ, бір дәріханада бар препараттар келесісінде жоқ. Жалпы алғанда өткен аптамен салыстырғанда жағдай шетінен реттеліп келе жатыр.

Тексеру барысында заң бұзғандарға хаттама толтырылды. Оларға айыппұлдар салынатын болады.

Н.Кенжехан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...