ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ДӘРІЛЕРДІ САТАТЫН АЛЫПСАТАРЛАР АЗАЯР ЕМЕС

15:34, 14 шілде 2020

Шымкентте дәрілік заттарды сататын алыпсатарлар азаяр емес. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті еліміздің барлық өңірлерінде дәрілік заттарды сату кезінде құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша ауқымды жұмысты жалғастырып келеді.

Мәселен, Комитеттің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қала тұрғынының дәрілік препараттарды асыра көтеріңкі бағада заңсыз сатқандығы жайлы жедел ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында жалпы сомасы 150 000 теңгеге 10 қаптама «Ингавирин» дәрісін сату фактісі анықталды. Яғни, 1 қаптамасы 15 000 теңге.  Алайда,  2019 жылғы 15 шілдедегі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген препараттың шекті бағасы - 1 қаптамасына 5640 теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Камилхан  Исмаилов – Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу басқармасының бөлім басшысы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...