ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ДЕРТ ЖАСАРЫП БАРАДЫ

16:02, 15 қаңтар 2020

Шымкентте 12 мыңға жуық адамның психикалық ауытқуы бар екен. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш азайған. Десекте жыл сайын дерт жасарып барады, дейді мамандар. Өйткені жүйкесі сыр бергендің қатарында тіпті 4 жасар балаларда бар. Дәрігерлер психикалық дертке шалдыққан жандар бақсы-балгерлербі жағаламай, бірден медицина көмегіне жүгінгені жөн деп отыр.

 

Әсел есімді келіншек 2010 жылдан бері осы орталықта ем қабылдап жүр. «Жалғыз қалсам, құлағыма әлдебіреулер сыбырлап, шақырады. Тіпті басым ауырғанда үйден шығып бет ауған жаққа кетіп қалатын кездерім де болады, дейді ол.

Дауыс еститінмін. Ой мазалайтын мені. Ешкіммен сөйлеспейтінмін. Қазір жақсы.

Орталықта жүйкесі сыр бергендермен дәрігерлер арасында келіспеушілік болмаған. Емделушілер мекеме ішінде емін-еркін жүріп, қалаған кітаптарын оқып, шахмат ойнайды. Радио тыңдап, теледидар қарайды. Спортпен де шұғылданады. Десе де дәрігерлер психикалық науқастардың сырқатынан қай уақытта құлан таза айығып кететінін  дөп басып айта алмайды.

Ерлан Ережепов – Шымкент қалалық психикалық денсаулық сақтау  орталығының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Көп адамдар өзінің ауруларын жасырады. Олай болмайды. Біздің Кремленский көшесінде арнайы бөлім бар. Кез-келген уақытта ашық. Психологтар, психотерапевтер жұмыс жасайды.

Айта кету керек, бұл орталықта еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бар. Алаңдататындығы сол  жастар арасында  да бұл ерт өрбіген.

Гүлнар Әбдібекова – Шымкент қалалық психикалық денсаулық сақтау орталығының бабалар бөлімінің меңгерушісі

Тұқымқуалаушылық.

Бүгінде ақыл-есінен айырылып, өзінің қайда тұратынын да білмей келетіндердің де саны артқан. Мәселен мына азамат 1 қаңтардан бері осы орталықта ем алуда. Өзін Александр Кудашовпын, деп таныстырған. Алайда тұрғылықты мекен жайын ешкім білмейді.  Қалай десек те дәрігерлер жүйкесі сыр беріп, дертке шалдыққандарға  көмек қолын созудан жалыққан емес.   

Нұрайым Шахимерген                  

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар