ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12:30, 17 маусым 2019

БАҚ өкілдері арасында 3 күнге созылған дәстүрлі спартакида өз мәресіне жетті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Бәсекеде кімнің бағы жанды?

 Спорттық сайыстың алғашқы кезеңі Түркістанда өтті. Журналистер мұнда жүзу, арқан тарту, волейбол, шахматтан өзара мықтыны анықтады. Оңтүстік телеарнасының ұжымы арқан тарту және шахматтан бірінші орынды иеленді. Келесі сайыс күні Шымкентте жалғасты. Мұнда үстел теннисі мен тоғызқұмалақ, эстафетадан  бақ сынасты.  

 Рамазан Өтегенов – «Ернұр Пресс» корпорациясының қызметкері

Біз де өз арамызда дайындық боп тұрады. Биылғы жарыс жаман өтпеді. Қарсыластар да осал емес. Намысты қолдан бермедік.

«Соңғы түйенің жүгі ауыр». Жарысты қорытындылаған футбол мен бильярд ойыны болды. Қақпаға соғылған әр доптың салмағын сезінген командалар жасыл алаңда бар күшін салды.  Жарысқа жалпы саны 15 команда қатысуға ниет білдірген. Биылғы ерекшелігі де осы.

 Ғалымжан Елшібай – ҚР Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Аудандардан жекелеген командалар келді. Арыс, Созақ, Ордабасы аудандары қатысты. Бұған дейін Түркістан облысынан 1 ғана команда қатысса, биыл 3-4 командаға дейін тапсырыс берді.  

Бейсенкүл  Нарымбетова – «Қызмет» газетінің бас редакторы

Спартакиада журналистер үшін керек нәрсе. Халық жаңалығын жеткізу үшін жүргіріп жүрген журналистер арқа-жарқа боп, бір серпіледі. Біткен іске сыншы көп. Мұнда ең бастысы идея дұрыс...

Жарыс жеңімпаздарын ала доп тепкен тілшілердің ептілігі анықтады. Ерлер мен қыздар арасындағы ойында оң нәтиже көрсеткен ойыншылар жүлде қорын толықтырды. Сонымен, 3 алтын, 5 күміс, 3 қоласымен Рейтинг-Собкор командасы үздік үштікті түйіндесе, 6 медалімен «Ернұр» корпорациясы екінші орынға жайғасты. 4 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен «Оңтүстік» телеарнасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді.  

Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалы  бірлесе ұйымдастырған достық додасы келесі жылы да өз жалғасын таппақ.

Ш.Пайзілдәқызы                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...