ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ДІНИ НЫСАНДАРДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

13:17, 18 қараша 2020

Қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Осыған байланысты 2 қарашадан бастап діни нысандардың есігі ашылған болатын. Бүгінде Шымкент қаласында 106 мешіт бар. Оның ішінде санитарлық нормаға сай келетін 84 құлшылық ордасында намаз оқуға рұқсат етіліп отыр.

Қанша уақыт бойы қанырып тұрған діни нысандардың есігі ашық. Бірақ 65 жастан асқан азаматтарға уақытша мешітке келуге тыйым салынған. Өйткені, ереже бойынша карантин талаптары сақталуы тиіс.  Бүгінде қаланың қақ ортасында орналасқан мына мешітке 100-ге жуық адамға намаз оқуға рұқсат етілген.  

Ахметжан  Керімбек– Абдулхамид Қаттани мешітінің бас имамы

Мешіт имамы құлшылық жасаушыларға қойылатын талаптарды қатаң сақтану керектігін ескертеді. Мәселен, бетперде, медициналық қолғап болуы керек.  Және намаз оқу кезінде екі метр ара қашықтық сақталуы тиіс. Ауаны  әр үш сағат сайын тазартып отыру үшін, құлшылық ордасында  15 минуттан артық отырмауға  шақырды.

Исмайл Ыдырыс   -қала тұрғыны

Діни мекемелердің ашылғанына тұрғындар да қуануда. Олар қазіргі таңда мешітке келіп, 5 уақыт намазын оқып жүр. Сонымен қатар, құран оқу,  жаңа туған нәрестеге ат қою, және жас жұбайлардың некесін  қию сынды рәсімдерді мешітте орындауға рұқсат. Ал, жаназа шығару үй жағдайында ғана жүзеге асырылады. Оның өзінде карантиндік барлық талаптар сақталуы тиіс.

Нұрлыбай Толқынбаев – Абдулхамид  Қаттани мешітінің наиб имамы             

Бектілген ереже бойынша, мешітте уақытша жұма намазы оқылмайды. Имамның айтуынша, карантин кезінде де жұмыстары тоқтамаған. Уағыздарды әлеуметтік желі арқылы жамағатқа жеткізген. Бүгінде пандемия басталғалы онлайн жұмыс істеген мешіт қызметкерлері әрбір істе қайыр бар дейді. Аталған мешіттің есігі таң намазынан бастап, құптанға дейін ашық.

Айдана Қуанышқызы                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар