ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«ДОСТЫҚ» КЕРУЕНІ ЖІБЕРІЛДІ

18:25, 12 шілде 2019

Арыстықтарға көмек көрсетуден өзге ұлттар да қалыс қалмауда. Бүгін өңірімізде өзбек этно-мәдени бірлестігі игі істің ұйытқысы болды. Олар жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға 8 жүк көлігіне тиелген құрылыс заттарын жөнелтті.

Арыстықтарға күні бүгінге дейін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы 87 млн теңгенің көмегін көрсетті.Бұл жолы Өзбек халқы ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Бұл  «Достық» керуеніне тиелген заттар Арысқа халқына беріледі. Онда үйге қажетті жиһаздар мен құрылысқа қажетті материалдар бар.

ИКРАМЖАН ХАШИМЖАНОВ – Қазақстан өзбектері этно-мәдени бірлестіктері  «Достық» қауымдастығының төрағасы

Арыс қаласындағы жарылыстан келген әскери бөлімдегі бауыраларымыз әрине зардап шекті. Сол бірінші этапта Шымкентке келген кезде біздің барлық этнос өкілдері қолынан келгенше көмегін беріп, біздің қауымдастық 15 580 000 теңге көлемінде көмек көрсеткен болатын. Ал енді Арыстықтардың үйлерін қалпына келтіру үшін жәрдем беріп жатыр.

 Мұндай ізгі амал жасауға имамдар да белсене кірісті. Олар тұрғындарға басу айтып, сабырға шақыруда. Бүгінде Шымкент қаласының өкіл имамы Арысқа аттанды.Осындай істі  ұйымдастарған кәсіпкерлер мен өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдірді. 

БАҚТЫБАЙ БЕЙСЕНБАЕВ – ҚМДБ  Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы

  Жалпы бүгін бір сауапты істің куәсі болып отырмыз. Бұл ізгі істі Достық қайырымдылық қоры. Халық ассамблеясы ұйымдастырып отыр. Бүгін жұманың үстінде отырмыз. Қайырымдылық жасаған бауырларымыздың ниеті қабыл болсын.

 Этнос өкілдерінің көмегі мұнымен тоқтамайды. Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қол ұшын созып, арнайы ашылған есеп-шотқа қаржы аударады. Осылайша тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне үлес қосамыз,- деп отыр.  

Айдана Қуанышқызы                                                   

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...