ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ӘДЕПТЕН ОЗҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

18:26, 13 мамыр 2019

Мемлекеттік қызмет – ұлт мүддесі. Сондықтан бұл салада қызмет ететін әрбір азамат өзіне жүктелген талап пен міндетті мүлтіксіз адал атқаруы керек. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық Әдеп жөніндегі кеңесінде айтылды. Онда 7 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, оның ішінде 4-еуіне қатаң ескерту берілді. Ал қалған 3 қызметкерге қатысты тәртіптік іс жаза қолдану мерзімі өтуіне және өз дәлелін таппауына байланысты тоқтатылды.

Кеңестің күн тәртібінде 5 есеп тыңдалды. Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген  талдаудың қорытынды мәлім болды. Бұл бойынша білім басқармасы, Мақтарал ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі және электронды қызмет көрсетуде төмен көрсеткішке ие болған Келес, Сарыағаш, Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшылары есеп берді.

Ардақ Садықова – Түркістан  облыстық Білім басқарма басшысының міндетін атқарушы

Білім саласында мемлекеттік қызметтерге қатысты арыз-шағымдар зерделенді. 1 тоқсанда 113 арыз-шағым түскен екен. Олардың ішінде мемқызмет саласына қатысты шағымдар түспеген.

Заңға  сәйкес, Әдеп кеңесінде қаралатын санаттағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарап, оған жаза қолданғаны үшін  Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысына қатаң ескерту берілді.  

 Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы

Оңтүстік өңірінің қызметкерлерінің барлығы сондай деген пікірлер жазылды. Бір ғана адамның іс-әрекетінен облысымыздағы мемлекеттік қызметшілерге теріс пікірде қалды. Мұндайға жол берілмеуі керек.

Жаза қолдану ұсынылған лауазымды тұлғалардың қатарында Келес ауданы Ошақты ауылының әкіміне «атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту» ұсынылды. Ал, мемлекеттік қызметшіге сай емес мінез-құлық көрсетіп, өзінің қарамағындағы қызметкерлерге ар-намысына тиетін сөздер айтып, дөрекілік көрсеткені үшін Қазығұрт аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абдигали Ертаев пен Кентау қаласының Бабайқорған ауылының әкімі Жантуре Карабаев  жұмысынан босатылды.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...