ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫ КОНТРАФАКТІГЕ ҚАРСЫ

16:27, 10 шілде 2019

Тауар өтімді болған сайын, соның көшірмесін жасап пайда тапқысы келетін пысықайлар шығады. Біреудің дайын брендін өз табыс көзіне айналдырғысы келетіндердің ісі заңсыз. Осыны түсіндіру үшін Шымкент қаласында әділет министрлігі кәсіпкерлерге арнайы акция ұйымдастырды. Онда көшірме тауарлардың сауда айналымына шығып кетудің алдын-алу мен кәсіпкерлер мен тұтынушыларды заңсыз өнімдерден сақ болуды ескертті.

Елімізде жыл сайын контрафактілік қылмыс әрекеттері тіркелуде. Әрине, заңсыздықтар жазаланады. Алайда әділет департаменті заңсыз іс-әрекетті болдырмас үшін тиісті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жөн санайды. Арнайы ұйымдастырылған акция барысында   кәсіпкерлер мен  тұтынушыларды көшірме өнімдерден сақ болуға шақырады.

 Азамат Рысжанов – Шымкент қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары

– Контрафакті бойынша тиісті құқықтық насихат іс-шаралары жүргізілді. Бұл өте күрделі мәселе. Тиісті тауарларды түпнұсқасын ажырату бойынша ақпараттарды насихаттау жолымен жүргізіліп жатырмыз. Заң шеңберінде заңсыз пайдаланған жағдайда ғана тиісті органға шығып, тексеру жұмыстарын жүргізудеміз.

Акция жұмыстары кезінде департамент басшылығы тауарға байланысты көбірек ақпарат алуға кеңес береді. Кез-келген тауарды алмас бұрын оны зерттеп, тиісті құжаттарын  сұраған дұрыс.

Азамат Рысжанов – Шымкент қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары

 – Тұтынушыларға тауар бойынша қауіпсіздігі ақпараттарды ресми сайтында қарап алған дұрыс. Себебі оның құрамы, қалай әсер етуі, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сол себепті ақпараттарды тиісті орындарға сүйеніп қарап алған дұрыс.

 Бүгінде  әділет департаменті өзге тауардың атын жамылып, сауда нарығына шығарған 7 іске қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы іске байланысты 6 құқықбұзушылық факторы тіркелді. Арнайы әкімшілік соттың шешімімен 404 000 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

А. Мәулен                                                                             

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...