ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕГІСТІКТІҢ СОРЫ ШАЙЫЛДЫ

12:19, 26 наурыз 2019

Түркістан облысындағы Мақтарал және Жетісай ауданының диқандары егістік алқаптың сорын шаю жұмысын аяқтады. Өткен жылдағыға қарағанда шаруалар бұл жұмысты бір айдай кешігіп бастағынмен жылдам аяқтады. Оған ағын судың жетікілікті болуы себеп. Өйткені гидромелеорациялық талаптарды дұрыс орындаудың нәтижесінде су үнемді жұмсалыпты.

 Ынтымақ ауылында тұратын  Өмірзақ Сәрсенов биыл 10 гектар жерге мақта егу жұмысына кіріскен. Жер асты суының деңгейі жоғары болғандықтан биыл да егістіктің сорын шаю қажет.  Жылдағыдан ерекшелігі алқапты бірнеше танаптарға бөлді. Соның арқасында ағын су үнемделді. Енді күн қызып, топырақтың ылғалы тартылса, егісті бастамақ.

 ӨМІРЗАҚ СӘРСЕНБАЕВ ШАРУА

-Былтырғыға қарағанда  сор шаю биыл жақсы жүрді. Егер сор шаю жақсы өтсе  түп саны түгел болады. Түп саны түгел болған жерде өнім де жақсы болады.

 Осы тәсілмен Мақтарал және Жетісай аудандары бойынша биыл 100 мың гектар алқапта сор шаю жұмысы жүргізілді. Жердің басым бөлігі дәнді дақылдар егіледі. Егістікке 370 миллион текше метр су жіберілді. Кезінде аймақтағы  жер асты суының деңгейін төмендету үшін 731 дренаж орнатылған. Бүгінде соның 300-дейі су шарушалығы мекемесінің меншігіне қайтарылып,  іске қосылған.

ШАХАДАТ ОМАРОВ - «ҚАЗСУШАР» РМК ТҮРКІСТАН ФИЛИАЛЫ МАҚТААРАЛ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ

-Изометриялық труба арқылы мониторинг жүргізіп отырмыз.  Одан байқағанымыз биылғы жыл құрғақшылықпен келеді. Былтыр 270 ұңғымаға дейін қосқанбыз. Биыл 210-нан асырмадық. Бүгінгі таңда 150 ұңғыма ғана қосулы. Ол деген сөз жер асты суының деңгейі  бұрынғы жылға қарағанда төмен.

Аймақтағы су жүйелерінің жалпы  ұзындығы 700 шақырымға жуықтайды. 1 мың 35  канал қазылған. Бірақ  соның жартысынан астамы ұзақ жылдан бері тазаланбаған. Көп жерін қамыс басып кеткен. Каналдарды тазалау ісі былтыр қолға алынды. Ұзындығы 103 шақырым келетін 51 арықтың арнасы аршылды. Биыл тағы 31 каналдың табаны тазартылмақ.  Бұл жұмысқа қазынадан 209 миллион теңге бөлініпті.

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...