ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН ҚР V-ШІ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

13:45, 16 мамыр 2019

Шымкенттегі гимнастика спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы Спартакиада басталды. Жарысқа 15 өңірдің командалары қатысып мықтыларды анықтайды. Сондай-ақ, Жастар жылына орай бұқаралық спорттың қарқынын артыру мақсатында волейболдан қыздар арасында ашық біріншілік басталды.Жарысқа жүзге жуық волейболшы қыздар қатысып бағын сынауда.

 Әйелдер арасында  бокстан ҚР V-ші жазғы спартакиадасы басталды. Ашылу салтанатында сөз алған  Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев  Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының күмісі мен қола медалін иеленген Марина Вольноваға  араға біраз үзіліс салып, үлкен боксқа қайта оралуына  тілектестігін білдірді.Даңқты боксшы Шымкентте басталатын Қазақстан Спартакиадасында бақ сынап көрмек. Спартакиададағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағандар қатарында ұлттық құрама мүшелері Ангелина Лукас (51 келі) пен Аида Оңдаш (81 келі) және Анель Құдайберген (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) сынды жас спортшылар бар.  Бас жүлдеге үміт артқан Шымкент қаласы командасының сапында 51 кг. Жайна Шекербекова, 54 кг. Айда Тұяқбай, 64 кг. Мәдина Нұршаева,81кг. Фариза Жолтай рингке шығады.  Әлем чемпионы Назым Қызайбай бабында екендігін айтады. Ақтық бәсеке 18 мамыр күні өтеді.  

АҢДАТПА: ВОЛЕЙБОЛДАН  АШЫҚ БІРІНШІЛІК

 «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және «2019 жыл-Жастар жылына» орай Волейболдан 2004-2005 ж.т жасөспірім қыздар арасында Шымкент қаласының №18 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі басталды. Сайысқа Талдықорған қаласы, Тараз, Түркістан, Шардара, Сарыағаш қалалары мен қалаллық спорт мектебінің тағы да төрт командасынан 96-ға жуық спортшы қыздар қатысуда. Кезінде Одаққа мәлім болған Мақтаарал волейбол мектебінен тәрбиеленіп шыққан төрт спортшы бүгінгі жарыста бапкер ретінде өз командасына алға бастап келеді. Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта белгілі болады.

Тақырып бойынша материалдар

АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
19:12, 22 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...