ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

21:14, 5 желтоқсан 2017

Еліміздегі зейнетақы жүйесінде де реформа болады. Ең басты ерекшелік, 2018 жылдың 1-қаңтарынан базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы да бұрынғыдай 58 жас емес, жарты жылға шегеріліп отырады.

Әбдімұрат Исабаев – БЖЗҚ АҚ ОҚОФ – ның бөлім басшысы

2017 жылдан бастап 1960 жылы туылғандар 58 жарым жасында зейнеткерлікке шығады. Осы жүйемен 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып отырып, 2027 жылдан бастап әйел азаматтары да ер азаматтары да 63 жастан зейнеткерлікке шығатын болады.

Осылайша, келер жылдың шілдесінен бастап, еліміздегі зейнетақы жүйесі қайта қаралады. Еңбек өтілі 30 жылдан асқан азаматтардың зейнетақысы қайта есептеліп, көбейеді. Ал, жаңадан зейнеткерлікке шығатын азаматтардың еңбек өтілі жылмен есептелмейді. Олардың ай сайын жинақтаушы қорға төлеген жарнасы ескеріледі.

Әбдімұрат Исабаев – БЖЗҚ АҚ ОҚОФ – ның бөлім басшысы

Зейнетақы төлемдерін аударған кезде айма-ай аударғандары дұрыс. Яғни, қаңтар айының жарнасы, ақпан айының жарнасы деп. Сонда біз азаматтардың 12 айлық жарнасы деп есептейміз.

Ал, бір айда бір мәрте ауқымды сома салып, есебін түгендегісі келгендердің... әккілігіне жол жоқ.  Бұл сома тек бір ай деп есептеліп кетеді. Сондықтан зейнетақы жарнасын аударғанда аса сақ болу қажет. Ал, зейнетке шығатындар жаңа реформаға сай жинақталған қаражатын бірден ала алмайды. 

Әбдімұрат Исабаев – БЖЗҚ АҚ ОҚОФ – ның бөлім басшысы

Ендігі жылы ол сома 404 мың теңгені құрайтын болады. Егер осы сомадан асатын болса ол қаржы белгілі бір коэфициентпен бөлініп беріледі.

Мамандар барлық өзгерістер азаматтардың алатын зейнетақысын мейлінше арттыру үшін қолға алынып жатқанын айтады. Сондықтан жаңашылдыққа үрке қараудың қажеті жоқ.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...