ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛМАҚ

16:53, 6 қыркүйек 2019

Президент жолдауы - дамудың басты тірегі. Дәл осы маңызды құжат арқылы Қазақстан тұрақтылық пен өркендеуге аяқ баспақ. Бұл туралы рухани шаһарда өткен облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Сондай-ақ, жиында «Әкелер мектебін құру» жайы сөз болды.

Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Мемлекет басшысының халқына арнаған бұл Жолдауы елдегі ең маңызды проблеманың тиімді жолмен шешуге бағытталған. Жарқын болашақ -  елдің  бірігуімен бірлігінің арқасында жүзеге аспақ. Ардагерлер кеңесінде билік пен халық арасындағы тығыс байланыс жайы қозғалды.

 Қайрат Анарбаев - тарих ғалымдарының кандидаты

 Ел президентінің жолдауында айтылған дүние бұрынғы біздің бағытымыздың жалғасатындығы. Бірақ кеткен кемшіліктер бүгінгі қоғамда біршама қордаланған мәселелерге алып келіп отырғандығын, енді сол мәселерді шешуге ел болып, ақылдасып, мемлекеттік билікпен қоғам тығыз жұмыс жасау керектігі айтылды.

 Жиында бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі елдің тізгінін ұстайтынын ескеріп,   бала тәрбиесіне баса назар аудару керектігін айтты. Жолдауда айтылған зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдату Президент ұсынған  оң шешім екенін жеткізді.

Нышан Байғұтов - Облыстың ардагерлер кеңесінің төрағасы

жолдаудың ерекшелігі - халықтың тұрмыс жағдайын көтеру. Оларға қамқоршылық жасау. Әсіресе, зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген біздің жастарымызға байланысты оларды болдырмау. Заңды қатайту. Заңды қатайтпай бұл жүзеге аспайды.

Сонымен қатар, жиын барысында «Әкелер мектебінің» ережесі таныстырылып, мақсаты мен міндеттері айтылды. Ардагерлер бұл бастаманы қолдайтындығын жеткізіп, ойларын ортаға салды. Бұл өз кезегінде  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға сеп болмақ.

М.ӘСЕМБЕК     

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...