ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ӘКЕЛЕРГЕ АЙТЫҢЫЗ!

13:13, 11 қараша 2019

«Ұрпағын ойламаған ұлт жоғалады». Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Бүгінде бала тәрбиесінде әке тәрбиесі қандай деңгейде? Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі өткізген жиында, жуырда құрылған «әкелер мектебінің» орны мен атқаратын жұмыстары сараланды.

Алқалы жиында Облыстық ардагерлер кеңесінің  бірқатар мүшелері еселі еңбегі үшін республикалық ардагерлер кеңесінің грамотасы, дипломдарымен марапатталды. Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры  Болатбек Әбдірәсілов- «Ел ағасы» төсбелгісімен наградталды.Жасыратыны жоқ балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер 100 пайыз әйелдер. Ал мектептегі мұғалімдердің 70 пайыздан астамы нәзік жандылар. Бала енді бой түзеп келе жатқанда ер азаматтардың тәрбиесінен тыс қалмауы керек. Сонда жасөспірімдер арасында құқық бұзу мен  суицид азаяр еді. Осыны негізге алған ардагерлер  қыркүйек айында облысымызда  «әкелер мектебі» қоғамдық институтын құрды. Ондағы мақсат: өскелең ұрпаққа әке тәрбиесін сіңіру. Бүгінде өңірдегі 902 мектеп жанынан осындай ұйым жұмыс істеп жатыр. 

Кенжехан Төлебаев- Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Әдет-құрып салт-дәстүрді үйрету мектеп бағдарламасының оқу процесінде жоқ. Соны енгізуіміз керек.

Облыстың бас мұғалімі Рахымбек Жолаев бұл жоба дер кезінде қолға алынды деп есептейді. Бұл қоғамдық ұйым отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында жұмыс істейді.

Рахымбек Жолаев- Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы

Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру-ер жігіттердің мінез-құлқын қалыптастыруға оң ықпалын тиігері анық.  Жиында осындай мектептердің жұмысын жүйелеген ауылдардың тындырымды істері өзгелерге өнеге етіп көрсетілді.

Нұржігіт Нұрымшан- Отырар ауданы Талапты ауылы «әкелер мектебінің» төрағасы

Алдағы уақытта Білім беру ұйымдары мен ардагерлер кеңесі осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру түседі. Себебі елдің болашағы өскелең өрендерде. Ал, оларға ұлттық құндылықтағы тәрбие беру баршамызға ортақ міндет.

Н.Кенжехан 

 

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...