ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ Толығырақ

ЕКІ ЕЛ АПАТ САЛДАРЫН БІРГЕ ЕҢСЕРМЕК

20:40, 14 мамыр 2020

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті. Кездесу барысында Сардоба су қоймасының жарылуынан туындаған зардаптарды жою мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандарындағы дихандарды сумен қамтамасыз ету жайы сөз болды.

Жиындағы басты мәселе – тасқын судың зардаптарын жойып, ел тұрмысы мен егін алқаптарын ретке келтіру болды. Бұл тұрғыда өзбек ағайын аянып қалмайтынын жеткізді. Бүгінгі күнде Мақтааралда Өзбекстандық 100-ден астам техника мен мамандар су басу салдарын жоюға жәрдем көрсетуде.
Ерлан Нысанбаев - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Келіссөзде қаралған екінші мәселе – Өзбекстанмен шекаралас жатқан Жетісай, Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандарындағы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету жайы. Жиынға келген аудан әкімдері кезекпен сөз алып, өзбек делегациясына талап-тілектерін жолдады. Мамандардың айтуынша, биыл таудағы қар мөлшерінің аздығы мен Сыр бойындағы судың кемдігі егін шаруашылығына әсерін тигізеді.
Ерлан Нысанбаев - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Қазақстан тарапынан айтылған ұсныстардың барлығы алдағы уақытта оң шешімін табатындығын жеткізді.  Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.
Перизат Ортай

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...