ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕКІ ЕСКЕРТКІШ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

14:08, 4 қыркүйек 2019

Қазығұртта сәніне сәулеті жарасқан екі бірдей ескерткіш еңсе тіктеді. «Анаға Тағзым» және «Боздақтар» рухына арналған нысанның салынуына аймақтан шыққан кәсіпкер себепкер болған. Киелі өңірдегі қос қуанышты бөлісуге аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы келіп, күн санап көркейіп келе жатқан аймақ келбетіне оң баға берді.

 Ел тыныштығы, ұрпақ амандығы, бейбіт өмір үшін кеудесін оққа тосқан бабалар рухына мәңгілік тағзым.  Боздақтар рухына арналған ескерткіштің ашылу салтанатында ауыл ақсақалдары осыны екшеді.  Өскелең ұрпақ бойына патриоттық тәрбиенің қалыптасуына сеп болатын нысанға аудан зиялылары гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына тағзым етті.

ТӨЛЕГЕН ТЕЛҒАРАЕВ - ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 

ӘБДІҚАДІР КАРИМ -   ҚР ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕРІ

 Бұл ескерткіштер  Елбасы екшеген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде қолға алынып отыр. Кемелденген елдің туған тарихы мен ата-баба дәстүрін білу, анаға құрмет  – жөргекте жатқан жерінен басталуы тиіс. Игі іске ұйытқы болған кәсіпкердің исі көпке үлгі.

БЕКАСЫЛ ТӨЛЕНДИЕВ - ДЕМЕУШІ

Шара соңында ескерткішті орнатуға атсалысқан азаматқа құрмет көрсетілді. Баба рухына арнап ас беріліп, Құран бағышталды. Ауыл азаматтары кәсіпкерге шапан жауып, ат мінгізді.

Д.Өмірзақова                                       

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар