ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды

20:35, 22 желтоқсан 2017

Еліміздегі// кәсіби мерекелер күнтізбесі бойынша// желтоқсанның 22-сі -- энергетиктер күні. Осыған орай бүгін өңір басшысы Жансейіт Түймебаев электр тасымалдаушы «Кегок» ұлттық компаниясының өңірдегі бөлімшесінде болып, мекеме жұмысымен танысты. Содан кейін мереке иелерінің құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, жұртқа жарық сыйлап жүрген жандарға құрмет көрсетті. Айтып өту керек, облысымызда энергетика бағытында 5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Төл мерекелері қарсаңында солардың алпыстан астамы құрметке бөленді.

«Кегок» ұлттық компаниясы қазір түстік тұрғындары шеттен тасымалдап тұтынатын электр энергиясын тасымалдаушы бірден бір кәсіпорын. Біздің облыста бұл компанияға тиесілі 2 мың километрден электр желілері бар. Сондағы жұмыстың барысын бақылап, халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету үшін 500-ден астам маман жұмыс істейді. Құрылғанына 20 жыл болған бұл мекеме соңғы уақытта толықтай жаңғыртудан өткен.  

Облыста энергетиктердің еңбегі бағалы. Біздің бір күндік энергияға деген тәуелділігіміз қыстыгүні 400-450 мегаватқа жетеді. Оның тек 40 пайыздайы ғана өзімізде өндіріледі. Қалғаны өзге аймақтардан тасымалданады. Алдағы уақытта осы көрсеткішті жоғарылату үшін біршама жобалар түзілуде. Егер діттеген мақсат жүзеге асса,  алдағы екі жылда қажетті жарықтың 50 пайызы өзімізде өндіріледі. 

Батырша Махановтың бұл саладағы еңбек өтілі жарты ғасырға жуық. Осы уақыт ішінде ол өңірдің энергетика және коммуналдық саласын дамытуға біршама тер төкті. Еткен еңбегі де ескерусіз емес. Өткен жылы еліміздің еңбек сіңірген энергетигі атанса, биыл, министрліктің ерен еңбегі үшін төсбелгісін тағынды.

Соңғы жеті жылда мемлекеттік қаражаты есебінен өңірдегі 4 мың шақырымнан астам электр желілері жаңғыртылып, 1500 дей трансформатор ауыстырылған. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын сапалы жарықпен қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жаһан жасыл экономикаға бет бұрған тұста жалғасын таба бермек.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
12:50, 15 шілде 2018
Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
12:35, 15 шілде 2018
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...