ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕКІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

17:27, 10 қыркүйек 2019

Тәртіп сақшылары екі қылмыстық істің бетін ашты. Бірі көмек қолын созған көршісін шығынға батырса, енді бірі тапсырыспен адам өлтірген. Алайда ешқандай қылмыс жазасыз қалмайды. Екі күдікті де қамауға алынып, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Көрші ақысы – тәңір ақысы. Осы қағиданы ұстанған Арыс қаласының тұрғынына көршісі көмек сұрап келеді. Ол өзінің бүкіл банк картасы бұғатталғанын айтып, көршісінің карточкасын алып кеткен. Ақша аудармақ болған. Алайда, жәбірленушінің толық мәліметі мен жасырын кодын білген ол қулыққа басқан. 400 мың ақшасын шешіп алып, ол аздай 300 мың теңгеге онлайн несие рәсімдеп үлгереді.

Салтанат Қаракөзова - Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

- Жалпы көрші әйелге 700 мыңдай материалдық залал келтірген.  Қазіргі таңда күдікті азаматшаға байланысты  ҚР-ң  қылмыстық кодексінің 190-шы бабы бойынша, алаяқтық сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал, Шымкентте  ағымдағы жылдың 19-шы шілдесінде жергілікті кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдікті ұсталды.  Күдікті  7-ші қыркүйек күні криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында құрықталды.

 Әсел Сәденова - Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі

  • Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлдыртпай ұстау шарасы қолданылды. Тергеу барысынды қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны анықталды.  Және ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.  Қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25-ші шілдесінде кінәсін толық мойындады. Қазір қамау абақтысында. 

 Аталаған екі қылмысқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Әлішер Әлімжан                                                 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...