ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ СТУДЕНТТІҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫ ГРАНТПЕН ОҚИДЫ

13:45, 2 қыркүйек 2019

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педогогикалық Университеті биыл бірінші курсқа 83-ші рет студент қабылдады. Жаңадан келген 2000-ға жуық студенттің тең жартысы грант негізінде білім алады. Жаңа оқу жылына жаңадан салынған 350 орындық студенттер үйі пайдалануға берілді. Ғалымдар үйіне де қол жеткізетін уақыт алыс емес. Бұл туралы Білім күніне арналған салтанатты жиында айтылды.

Баршагүл Исабек-ОҚМПУ ректорының міндетін атқарушы /Жаңа оқу жылында көптеген жаңалықтарымыз бар...Цифрлармен  мәліметтер/

Нұргерім Мақсұтұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің бірінші курсына оқуға келген жас. Шымкентке келген ол бұрыннан осында келіп оқуды мақсат тұтқан Арманы орындалды. Таңдауына өкінбейді.   

Нұргерім Нұрлан- ОҚМПУ  бірінші курс студенті

Талай дүл-дүл түлеп ұшқан Тараздың тумасымын. Мектептен алған білімімді осында шыңдап, қазағыма қызмет етсем арман бар ма

Білім ордасына қызығып қарап, аға-апаларының ізінен ерген тағы бір жастың бірі Әсем Ерболқызы. Тіл үйреніп, болашағын жоспарлаған ол мектебінің мақтанышы болды. Енді ата-анасын қуантып жаңа өмірге қадам басты.

Әсем Бейсенбек  ОҚМПУ  бірінші курс студенті  

Бірінші курс оқымын бұйырса. Ата-анамның тұңғышы, алғашқы студентімін. Өте қуаныштымын

Университет түлектерінің   өздері білім алған ордасына олардың да ықыласы ерекше. Бүгінде  бұл ЖОО  оқытушыларының 75 пайызын осы оқу ордасында білім алғандар құрайды. Университетте магистратура мен докторантураға оқытушылар даярлауды қолға алған. 

А.Байтүгелова                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...