ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ӘКІМ ХАЛЫҚ ШАҒЫМЫН ӨЗІ КЕЛІП ТЫҢДАДЫ

12:42, 7 ақпан 2020

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы да мүлтіксіз орындауда. Облыстың орталығының ауысуы кейбір тұрғындарға қиындық туғызды. Дегенмен, халықтың мұң-мұқтажын басты орынға қоятын өңір басшысы шалғай аудандарда тұратын халықтың шағымын тіпті келіп тыңдады. Өмірзақ Шөкеев арнайы Шымкентке келіп, тұрғындармен кездесті.

Көкейтесті мәселесін облыс әкімінің алдында ақтарған тұрғындардың бірі төлебилік  - Ұрзия Сергебаева. 1,5 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек алған әйел ағылшын және араб тілдерін оқытумен айналысып, бес баласын бағып отыр. Дегенмен, жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді паналап келеді. Ол өңір басшысынан осы мәселенің оң шешімін сұрады.Ал, 7 баланың анасы Жазира Тұрғыноваға мемлекет бірнеше жыл бұрын баспана берген. Тіпті, тұрмыстық заттармен де тегін қамтылған. Алайда,ол үйінің қазір апатты жағдайда екенін айтып шағымданды. Өмірзақ Естайұлы отбасының тұрмысын арнайы комиссия тексеріп, «Қамқорлық» жобасы аясында көмек көрсетілетінін жеткізді. Бұдан бөлек, облыс тұрғындарының разы әлеуметтік салаларға қатысты болды.  Облыс әкімі жауаптыларға тиісті тапсырма беріп, мәселелерді өз қадағалауына алатынын айтты.

Д.Өмірзақова 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...