ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ӘКІМ ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАУДА

12:46, 12 шілде 2019

Рухани шаһардың жаңа басшысы Рашид Аюпов халықпен кезекті кездесуін жалғастыруда. Қалаға қарасты мөлтек аудандарға арнайы барып, бұхараның қордаланған мәселесімен тікелей танысЫП жүр. Тұрғындармен тілдескен әкім, Түркістанды түлету бағытындағы тың жоспарлармен де бөлісті.

Жиында ортаға салынған өзекті мәселелер бірі табиғи газ, жарық, жол және қоғамдық көліктің бүгінгі жағдайы. Тұрғындардың айтуынша, аялдамада қол арбаға таңылған мүгедектерге кейбір қоғамдық көліктер тоқмайды екен.

Бізде инвалид бала бар. Біз арбамен күнделікті емге барамыз. Маршруттар тоқтамайды бізге. Тоқтаған күнде де екі есе ақшасын сұрайды бізден. 2-3 адамның ақшасын алады. Сол жағын қарастырсаңыздар.

Әкімге айтылған талаптың тағы бірі - қаладағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету. Ол үшін шаһарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы көптеп ашылуы қажет. Мысалы, дарынды балаларға арналған «Өнер» мектебі, «Жастар орталығы» сынды ғимарат бой көтерсе,- дейді тұрғындар.

Балаларымыздың  бос уақытын жақсы іспен айналысқанын қалаймыз. Сондай орталықтар болса, қаламызда бұзақылардың саны да азайяр еді. Бізге Өнер мекетебін салып беріңіздер. Жастар орталығы да керек.

Сондай-ақ, тұрғындардың  халық жұмыспен қамту орталығына да  өкпесі бар екен. Дипломын құшақтап, екі қолға бір күрек таппаған жастарға тек 30-50 мыңнан аспайтын жұмыстарды ғана ұсынатын көрінеді...

Электрик жұмысқа шақырды. Айлығы 30 мың теңге. Кім істейді сондай ақшаға оны?Ол өзінің қарақан басына да жетпейді ғой. Жалақыны теңестіру керек қой.

Рашид Аюпов - Түркістан қаласының әкімі

Турзимді дамыту керек. Инвесторлар тартыу керек. Сонда ғана жұмыссыздық жойылады.Зауыттар салынса жұмыс орындары ашылады.

 Түркістан -руханият пен  мәдениеттің қаласы. Әкім жиында көтерілген әр мәселенің аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...