ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

ӘКІМ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

14:45, 6 желтоқсан 2019

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтің қызметке кіріскеніне 100 күннен асты. Осыған орай аймақ басшысы «Болашақ жастар- 100 күн»деген тақырыппен кездесу өткізді. Онда жастар саясатын дамытудың тиіміді тұстары кеңінен сөз болды. Екі жақты ашық әңгіме болды.

Әрдайым ауыл жастарына қолдау білдіріп отыратын аудан әкімі кездесуін жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен көрмені тамашалаудан бастады. Онда өңірдегі өскелең ұрпақтың өз қолымен жасаған туындылары мен  салған суреттері. Мектеп оқушылары  құрастырған роботехника. Жасыл экономикаға негізделген жобалар мен атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолөнер туындылары қойылған.

Мұхит Отаршиев – Сарыағаш ауданының әкімі

Басқосу еркін форматта өтіп, жастармен ашық сұқбат құрылды. Белсенділер  аудан басшысына қызмет төңірегінде және балалық, студенттік шақтары жайында сұрақтар қойды. Барлық сауалға жауап берген аудан әкімі  жастар жылы атқарылған тірліктер мен болашақ жоспарымен бөлісті. «Дұрыс таңдалған мамандық тұлғаның өзіне де, әлеуметке де үлкен пайдасын әкеледі. Ісі өнімді, нәтижесі берекелі болады» - деген, Мұхит Отаршиев жасөспірімдерге кәсіп таңдаудағы акыл-кеңестерін айтты.

Алтынай Маликаждарова – белсенді жас

Шынайы сұхбат, тұщымды ойлар айтылған кездесу жас буынға оң әсер берді. Мұндай іс-шаралар қатары  билік пен болашақ иелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, жақындата түсері анық.

М. Жорабай       

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар