ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ЕКІНШІ ТОЛҚЫНҒА ДАЙЫН

18:40, 25 қыркүйек 2020

Қазығұрт ауданының орталық ауруханасы коронавирус инфекциясы қайта белең алған жағдайда, екінші толқынға дайын. Медициналық мекеме індетті анықтайтын вирусологиялық зертханамен қамтамасыз етілген. Онда қажетті медициналық құрал-жабдықтар да жеткілікті.

Аурухананың ахуалымен танысқан Қоғамдық бірлестіктің мүшесі Гүлбахира Тәжібаева емдеу мекемелерін аралап, медицина қызметкерлерімен тілдесті.  Мекемеде Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында топ құрылған. Емдеу мекемесі барлық медициналық қажеттіліктермен және жедел-жәрдем көліктерімен қамтылған. Сондай-ақ, бүгін аурухана 4 өкпені жасанды желдету аппаратымен толықты.

Гүлбахира Тәжібаева – Қоғамдық бірлестік мүшесі

Бүгін ауруханаға 4 жаңа тыныс алу аппараты келгеніне өте қуаныштымын. Біздің мақсатымыз – екінші толқынға дайын болу. Ондай жағдай болмасын деп тілейміз, әрине. Дегенмен, дайын болуымыз керек. Осы тұрғыдағ ең алдыменғ дәрігерлердің еңбегі зор екендігін атап өткім келеді.

 Перизат Ортай                                                                     

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...