ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

«EKO-JAI» ЖОБАСЫ

11:50, 13 маусым 2019

Өңір туризмін дамытып, ерекше жобаларды ұсыну - жастарға берілген үлкен мүмкіндік. Себебі, биыл – жастар жылы. Сондықтан ел әлеуетін арттырып, аймақтың абыройын асыратын тың идеялар облыс әкімдігі тарапынан қолдау табады.

Нұрбол Мәмет – «EKO-Jai» жобасының жетекшісі.  Ол Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірінің жанынан экологиялық  шағын демалыс үйлерін салуды ұсынып отыр. Өйткені, Ақмешітке келетін саяхатшылардың саны көп. Алайда, онда тұрақтайтын жайлы қонақ үй жоқ. Сондықтан келгендер сол күні қайтуға мәжбүр. Егер шағын демалыс орны ашылса, туристердің саны одан сайын артады – дейді,жоба жетекшісі.    

Нұрбол Мәмет – «EKO-Jai» жобасының жетекшісі

 Бәйдібек ауданын туристік аймаққа айналдыру – біздің мақсатымыз. Қарапайым, жергілікті халықтың әл-ауқатын көтеріп, басқа да мемлекеттерге, Қазақстан ішіндегі қалаларға туристік мекенге айналдыру. Ол жердің бір ерекшелігі барлығы экотипте жасалады. Жалпы экотиптегі 6 қонақүйді алып отырмыз. Өйткені үстіңгі беткейі күн панелдерімен қапталып, өзін электрмен толық қамтамасыз ете алады. Күндіз электр қуатын жинап алса, түнде сол жинаға қуатты өзіне пайдаланады. 

 Экологиялық үйлерге жалпы құны  50 млн. қаражат кетпек. Демалыс үйі шыны  әйнекпен жасалатындықтан, кірген адам табиғатты сыртқа шықпай-ақ тамашалай алады. Әзірге  10 үй салуды ұсынып отыр. Айта кетейік, жас мемлекеттік қызметкер ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалында үш апта бойы қайта даярлау курсын оқыған.

 Жанат Момынқұлов – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры

Бұл жобалар Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметшілердің біздің академия филиалында 3 апта бойы қайта даярлау курсының нәтижесінде қорғалып отыр. Біз оларға жобалықө менеджмент сияқты жаңа пәндерді үйретемін. Сол оқудың нәтижесінде олар осы өңірді дамытуға, Түркістан облысының мәселелерін шешуге, халықтың жағдайын жақсартатын, бюджетке кіріс әкелетін жобаларды әзірлеп шығарамыз.

 «EKO-Jai» жобасы Ақмешітке алыстан ат терлетіп келгендерге қолайлы болмақ. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына жобаны жоспарға енгізіп, алдағы уақытта жүзеге асыру керектігін жүктеді.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар