ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16:59, 22 қараша 2019

Түркістандағы көп қабатты үйлерде сығымдалған газ баллондарын пайдалануды тоқтату керек. Сонымен қатар, қаладағы моншалар мен өзгеде кәсіпкерлік нысандардың резеңке жағуына тиым салынған жөн. Ол үшін қалалық полиция және төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының мамандары жоғары деңгейде жұмыс жүргізуі тиіс. Сонда ғана шаһар көк түтіннен құтылып,экологиялық жағдай реттеледі. Қала әкімінің төрағалығымен өткен кезекті жиында осы мәселе айтылды.

Бүгінгі басқосуға құзырлы орган өкілдерімен қаладағы салалық бөлім басшылары қатысты. Жиында алдымен шаһарды газдандыру мәселесі сөз болды. Қала әкімінің айтуынша көпқабатты үйлердің бірқатарына газ құбыры жеткен. Бірақ тұрғындар тарапынан қосылу көрсеткіші төмен екен. Сондықтан мұндай үйлерде сығымдалған газ баллондарын пайдалануды шектеп, кәсіпкерлік нысандарда табиғатты ластайтын отын жағуды тоқтату қажет екені айтылды.

Рашид Аюпов – Түркістан қаласының әкімі Экологиялық мәселеге өте көп көңіл бөлу қажет. Полиция қызметі 505 қаулы бойынша барып баллон жағып жатқан моншалар заңды тұлғалар мен жұмыс жасау қажет. Біріншісі 95 жылғыдай баллон жарылмас үшін көпқабатты үйлердегі газ баллон тұтынуды тоқтату.

Ал, жауапты сала мамандары болса, қауіпсіздік шараларын сақтау үшін көшедегі газ құю бекеттеріндегі талапты күшейту керек деп отыр. Себебі, тұрғындардың дені өз баллондарын сондай орындардан толтырып алады.

Талғат Досалиев -Түркістан қаласы ТЖ басқармасының бастығыҚаладағы газ құятын бекеттерге ескерту керек. Өйткені, газы ада боғандардың барлығы сол көшеден құйдырады. Егер соның басшыларына талап қойсақ адамдар құйып жатқанын суретке түсіріп жолдап айыппұл салсақ барлығы шешіледі.

 Бұл ұсыныс алдағы уақытта да жан-жақты талқыланбақ. Егер қолдау тапса көше бойындағы газ құю бекеттерінде баллон толтыруға тиым салынады. Сонымен қатар енді Түркістандағы кәсіпкерлік нысандарына да тексеру күшеймек.

--                                                                           
Максут Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...