ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

«ЭКОМЕД» КЛИНИКАСЫНДА КЕЗЕКТІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

13:27, 14 маусым 2019

Сөнген үмітке жан бітірді! Шымкенттегі «Экомед» емханасында кезекті үшем дүниеге келді. Жыл басынан 400 нәрестенің дін аман өмірге келуіне сеп болған клиника қызметкерлері өз біліктіліктерін тағы да дәлелдеді.

Динара Нарханова - Түркістан облысының тұрғыны. Тұңғыш қызын босанғаннан кейін 4 жыл көтере алмаған. Амалы таусылған ол күйеуімен  ақылдаса келе, «эко» арқылы балалы боламыз деп шешім қабылдайды. Бүгінде шекесі торсықтай Икрам, Илхам, Ислам атты үш баланың анасы атанды.

 Динара Нарханова – үшемнің анасы

-Экомедке келіп Зухра Батырхановнадан емделдім. 7 айдың жүзін көріп, 3 ұлдың анасы атандым. Өзім сияқты келін, аналарға, көтере алмай жүргендерге осы эко жолмен тууды ұсынамын. Қуаныштан, жақсылықтан қашпау керек. Салтанат Байқошқарова мен «Экомед» Шымкенттің ұжымына алғысым шексіз.

Үшемдердің әжесі де дәрігерлердің кәсіби деңгейіне жоғары баға береді. Тек, жергілікті әкімдік үй мәселесін шешіп берсе деген өтініші  бар. Айта кетейік, Қазақстандағы бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы мен  «Экомед» емханасын репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова 1995 жылы ашқан. Бүгінде еліміздегі 4000 астам бала осы тәсілмен өмірге келген. Эко арқылы дүниеге келген алғашқы сәбилер бүгінде өз ұрпағын өрбітіп отыр. Сондықтан, «эко баладан нәресте туылмайды деген жаңсақ пікір»,- дейді мамандар.

Зухра Джантаева – «Экомед» Шымкент емханасының репродуктолог-дәрігері

-Табиғи жолмен босанған бала мен эко жолмен босанған баланың ешқандай айырмашылығы жоқ. Экодан туылған балада ұрпақ бола ма, болмай ма деген сұрақ көп. Ешқандай проблема жоқ. 1995 жылғы өмірге келген эко балалар бүгінде үйленіп, балалары бар. Ол дәлелденген нәрсе. Үшемдер де бірнеше. Қаңтар маусым айларында орта есеппен алғанда 400 бала дүниеге келген. Олардың дендері сау. Ешқандай асқынусыз дүниеге келген.

 Суықтың шамадан тыс денеден өтіп кетуі де бала сүю бақытынан айыруы мүмкін. Мамандар болашақ ата-аналарға барынша сақ болу қажеттігін ескертеді. Шымкенттегі адам ұрпағын өрбіту емханасы «Әр пациент ерекше» қағидаты бойынша тиісті емдеу шараларының бағасы  250-300 мың теңгеден  басталады.Ұрықты жатырға ендірген сәтінен, сәбидің өмірге келуінен дейінгі аралық мамандар бақылауында болады.

Рабиға Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар