ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

18:12, 6 желтоқсан 2018

Қытай халық республикасы мен Иран Ислам елі Еуразиялық экономикалық Одақпен еркін сауда айналымына шығуы мүмкін. Сөз жүзінде ұйымға мүше мемлекеттер келсімдерін берді. Ендігісі әр елдің парламенттері құжатты мақұлдауы тиіс. Бүгін Ресейдің Санкт- Петербург қаласында Еуразиялық Экономикалық Одақтың жоғарғы кеңесі өтіп жатыр. Жиынға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Бұл күндері Санкт-Петербург қаласы саяси алаңға айналды. Одаққа мүше елдердің мемлекет  басшылары Жоғары Еуразиялық  Экономикалық Одақтың кеңесіне келді. Және дәл қазір кеңейтілген құрамда кездесу  өтіп жатыр. Еңбек нарығына қатысты ортақ база жасалатын болады. Яғни мүше  елдердің тұрғындары бос орындарды енді интернет арқылы іздейді. Бұл ұсынысты  Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейінгі жиындарда ұсынған болатын. Осы құжатқа  қатысты біз ұлттық экономика министрінің орынбасарын  сөзге тартқан едік. 

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН -   ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біздің елде еңбек  деген жоба бар. Бұл өте тиімді болмақ. Кез келген адам одақтың ішінде жұмыс  табуына оңай болады.

Сонымен қатар одақ елдер  арасында көгілдір газ бен мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын  қалыптастыру қаралып жатыр. Қытай мен Иран елі Еуразиялық одақпен еркін сауда   айналымына шығуға қызығушылық танытып отырғанын айта кету керек.

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...